Киімдегі сары дақтарды кетіргіңіз келсе...

Жазда күн аптап ыстық болатындықтан, ағзамыздан тер екі есе шығады. Осының салдарынан ақ киімде терден қалған сарғыш дақтар пайда болады. Алайда уайымдамаңыз, оны оңай кетіруге болады.

Ол үшін бізге:

- 1 шай қасық ыдыс жууға арналған құрал;

- 3-4 шай қасық сутек тотығы;

- 2 ас қасық сода қажет.

Қолданылуы:

Жоғарыдағы ингредиенттерді жақсылап араластырып, даққа жақсылап сіңдіріңіз. Біраз уақытқа қалдырып, артынша сумен шайыңыз. Нәтижесі таңқалдырады.