Киім өлшемінен жаңылмас үшін...

Киім өлшемінен жаңылмас үшін...
Фото: pixabay.com

Балаларға киім алғанда көпшілік, әсіресе, жас аналар біраз қиындыққа тап болып жатады. Алған киімдер не үлкен болып салбырап, не сыймай, тар болып жатады. Ал киім алуға барғанда әрдайым баланы ертіп жүру де мүмкін емес. Сондықтан жас аналарға төмендегі кестелерді ұсынбақпыз. Әдетте, балалар киімдерінің өлшемі олардың бойы мен салмағына қарай белгіленеді. Сол себепті де балаңыздың бойы-салмағы қанша екенін білгеніңіз жөн.

0-ден 16 жасқа дейінгі қыз балалардың орташа бойы мен салмағы

Жасы

Бойы/см

Дене салмағы/кг

Нәресте

48,0 - 52,0

2,9 - 3,3

1 ай

51,0 - 55,5

3,2 - 3,9

3 ай

56,0 - 61,5

4,1 - 5,5

6 ай

63,0 - 68,0

6,2 - 7,6

9 ай

67,5 - 72,0

7,4 - 8,7

12 ай

71,5 - 76,5

8,4 - 9,6

1 жас 6 ай

76,0 - 82,0

9,5 - 10,5

2 жас 6 ай

85,5 - 93,0

10,9 - 12,6

3 жас

91,0 - 98,0

12,1 - 13,8

4 жас

96,0 - 104,0

13,3 - 15,4

6 жас

108,0 - 118,0

16,7 - 20,3

8 жас

119,5 - 131,0

20,7 - 25,8

10 жас

130,0 - 142,5

25,5 - 30,5

12 жас

138,5 - 155,0

28,5 - 42,0

14 жас

147,5 - 164,0

35,3 - 49,1

16 жас

155,0 - 169,0

42,0 - 53,0

0-ден 14 жасқа дейінгі ұл балалардың орташа бойы мен салмағы

Жасы

Бойы/см

Дене салмағы/кг

Нәресте

49,0 - 53,0

3,1 - 3,6

1 ай

51,5 - 56,5

3,3 - 4,3

3 ай

57,0 - 62,5

4,6 - 6,0

6 ай

64,0 - 70,0

6,6 - 8,2

9 ай

69,0 - 74,5

8,0 - 9,4

12 ай

72,5 - 78,5

8,8 - 10,1

1 жас 6 ай

76,5 - 83,5

9,8 - 10,9

2 жас 6 ай

85,0 - 95,0

11,3 - 13,4

3 жас

89,5 - 99,5

12,0 - 14,5

4 жас

95,5 - 105,5

13,4 - 16,1

5 жас

101,5 - 112,0

15,1 - 18,1

7 жас

114,0 - 125,0

18,7 - 23,0

9 жас

124,5 - 136,5

22,6 - 27,7

12 жас

139,0 - 155,0

29,2 - 40,6

14 жас

148,0 - 166,5

36,1 - 49,0

Әдетте, омыраудағы балаларға киімді «өседі ғой» деген есеппен алып жатамыз. Десе де, киімінің қолпылдап, өте үлкен болмағаны жөн. Сондықтан төмендегі кестеге қарап алғаныңыз абзал.

Жасы

Бойы/ см.

Киім өлшемі

0-1 ай

50-56

18

1-3 ай

62-68

20

3-6 ай

68-74

22

6-9 ай

74-80

24

9-12 ай

80-86

26


 Дереккөз: anabol.kz

А. Жапатова