- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Келін мен ене...
Келін мен ене қақтығысының сыры неде?
Келін мен ене арасындағы қақтығыстар дәстүрлі көрініске айналғалы қашан. Жақында ғана зерттеушілер құбылыстың (ұрыс-керіс) осы бір түріне ғылыми түсінік берді.
Висконсин-Стивенс Пойнт Университетінің мамандары анықтап отырғандай, аналар жағы қыздан гөрі, ұлдың тойын жүректеріне жақын қабылдайды екен. Аналар жағы ұлдарының өз үйіне сирек келуінен және үйлі болған соң, мінез-құлқының өзгеріп кетуінен қауіптенеді. Сосын, жас келіншектің ұлын дұрыс тамақтандыра алар ма деген сенімсіздігі.
Бұл тұста келіндердің де көп уайымдайтыны белгілі болды. Сауалнама көрсеткендей, жас келіншектердің көпшілігі жеке өмірлеріне енелердің араласуынан, бұйрықтар мен кеңестерін жеткізуден қауіптенеді.
Басқаша айтқанда, ене мен келін де ер өміріне бас тәрбиеші болуға үміткерлер.
Салыстыру үшін: шиеленіскен жағдайда күйеу балалардың 15 пайызы қайын енелерінің үстінен шағым түсірсе, енемен қызу қарым-қатынаста - келіндердің 60 пайызы.
* * * *
Сіз қалай ойлайсыз?
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: мұрағаттан
Л. Лига