- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Қазіргі балаларға не...
Қазіргі балаларға не керек?
Қазір шеше түгілі әкесін тыңдамайтын бала көбейді. Заманауи бала мына нәрселерге зәру:
– Сырласатын ата-анаға.
– Қозғалыс пен таза ауаға.
– Тұрақты тамақ пен жеткілікті ұйқыға.
– Шығармашылығын дамытатын ойындар мен еркін әңгіме-дүкенге.
– Керек нәрсесін алып беріп, балаларын шолжаңдататын, жұмысбасты ата-анаға.
– "Маған бәрі міндетті" деген ойға.
– Тұрақсыз тамақ пен жеткіліксіз ұйқыға.
– Үйде отырумен өтіп жатқан өмірге.
Әрбір ата-ана бұл сөзімізге келісер деп ойлаймыз. Өйткені планшет пен смартфонның қызығына бір кірген баланы қолынан сүйреп те сыртқа шығара алмайсың. Ол не тамақ ішпейді, не дұрыс ұйықтамайды. Соның салдарынан баланың денсаулығы бұзылады. Бала бақытты болу үшін, дені сау болып өсу үшін не істеу керек?
Ата-ана ретінде сіз не істеуге міндеттісіз? Тізбектеп көрейік:
1. Балаға шектеу қойыңыз. Сіз – баланың әке-шешесісіз, оның досы емессіз.
2. Балаға не керек болса, соны әперіңіз. Балаңыздың қалауын емес. Егер балаңыз өзіне қажетсіз затты сұраса, әпермеңіз. Тыйым салыңыз.
3. Тамақ ішу тәртібін қолға алып, ұйқысын қадағалаңыз.
4. Күніне бір сағатыңызды балаңызбен бірге табиғат аясында (таза ауада) өткізуге тырысыңыз.
5. Күн сайынғы кешкі асты смартфонсыз ішуге дағдыланыңыз. Тек балаға емес өзіңізге де шектеу қойып, тамақ басында телефон ұстамауға әдеттеніңіз.
6. Балаңызбен бірге ойнайтын ойындар үйреніп алып, ойнаңыз.
7. Күн сайын балаға жас шамасына қарай үй шаруасынан бір тірлікті жүктеңіз (киімді бүктеу, ойыншықты жинау, шай әзірлеу, т.б.)
8. Баланы күн сайын бір уақытта төсекке жатқызыңыз. Ұйықтарда смартфон қолдануына жол бермеңіз, өзіңіз де қолданбаңыз.
9. Баланы жауапкершілік пен тәуелсіздікке үйретіңіз. Кішкентай сәтсіздіктерден қорықпаңыз. Баланы сіз де тәрбиелейсіз, өмір де өзінше бағыттайды.
10. Қолынан келуі керек істі өзіңіз жасап бермеңіз. Бес жастағы балаға бананның қабығын ашып дайын күйінде берсеңіз, баланың өздігінен жұмыс жасау қабілеті төмендейді.
11. Іші пысқан адам өз-өзін іздеп, "немен шұғылдансам екен?" деп ойланады. Баланы өз-өзімен қалдырып, оған еркін уақыт беріңіз, ойлансын, өз қызығушылығын өзі тапсын.
12. Баланы көңіл көтеретін ойын алаңдарына үздіксіз апармаңыз.
13. Балаңызбен сөйлесіп отырғанда телефонға алаңдап кетпеңіз. Теріс тәрбие бересіз.
13. Балаға сәлемдесуді, жол беруді, көмек беруді, жанашырлық танытуды үйретіңіз. Тамақ ішіп отырғанда және біреумен сөйлесу кезінде өзін-өзі қалай ұстауы керектігінен шағын сабақ жүргізіп отырыңыз.
13. Эмоционалдық байланыстарыңыз ажырамасын: оны сүйіңіз, оған қарап күлімдеңіз, оған кітап оқып беріңіз, бірге билеңіз, бірге секіріңіз.
14. Баршылыққа да, жоқшылыққа да үйретіңіз. Бар-жоқты білмейтін баланың жақсы адам болып қалыптасуы қиын. Сондықтан керек кезінде ақшадан да қысып отыру керек.
Р. Роза