- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Қателігін дереу түзеткен...
Қателігін дереу түзеткен бала құрметке лайық
Италиялық философ Мария Монтессори ұсынған 19 өсиет
1. Балаларға қоршаған ортасын үйрету.
2. Егер баланы жиі сынға алсақ, ол кінәмшіл болады.
3. Баланы жиі мақтасақ, өз бағасын білетін болады.
4. Баланы жәбірлей берсек, төбелескіш, сотқар болады.
5. Балаға әрдайым әділдік танытсақ, туралыққа, шыншылдыққа бейімделеді.
6. Баланы мазаққа айналдырсақ, жасқаншақ болып шығады.
7. Бала толық қауіпсіздікті сезініп өссе, адамдарға сенімі күшейе түседі.
8. Баланы масқараласақ, өзін әрдайым кінәлі сезініп жүретін болады.
9. Оның айтқанын мақұлдап отырсақ, өзіне жақсы қарауды үйренеді.
10. Мейірімділігімізді жиірек көрсетіп отырсақ, сабырлы болуды үйренеді.
11. Көтермелеп отыру арқылы өзіне сенімділік туғызамыз.
12. Өзінің қоғамға қажеттілігін сезініп әрі тату ортада өскен бала әлемге махаббатпен қарайды.
13. Бала туралы жаман нәрсе айтпаңыз – ол отырған жерде де, жоқ жерде де.
14. Баланың дүниетанымын жақсылықпен толтырыңыз, сонда жамандыққа орын болмайды.
15. Бала сізге сөйлегенде мұқият құлақ қойыңыз және сұрақтарына міндетті түрде жауап беріңіз.
16. Қателігін дереу түзеткен бала құрметке лайық.
17. Жоғын іздеген балаға тауып беруге дайын болыңыз және өзі тапқан баланы мазаламаңыз.
18. Бұрын меңгере алмаған ісін игеруге жәрдемдесіңіз. Жай ғана көмектесіп қоймай, қамқорлықпен, байсалдылықпен, махаббатпен істеңіз.
19. Өзіңізде бардың ең жақсыларын ғана ұсыныңыз.
@. @assel_assanova