- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Қалыңдық пен әкесінің...
Қалыңдық пен әкесінің әсерлі суреттері
Қыз бала қалыңдық атанып, үстіне ақ көйлек киген кезде ерекше бір сезімді бастан кешіреді. Қызының бұл қуанышын көрген ата-ананың да көңілі өсіп, мерейі тасып қалары анық. Алайда аялап өсірген қызының басқа біреуге кетіп бара жатқаны екеуіне де оңайға соға қоймас. Өзегін жарып шыққан балапанын қимаған қос көңілдің хәлін ол кезде ешкім түсіне алмасы сөзсіз. Иа, жүрегінің бір парасын жұлып беру кімге оңайға тиер дисің. Әсіресе бұл кезде әке жүрегі бөлекше аласұрады. Көзінің қарашығындай көрген қызы көз алдында алыстап бара жатқанда жүрек, шіркін, қалай шыдасын?..
Сурет: ofigenno.cc
Н. Айдархан