Өз қолыңызбен қағаздан раушан гүлін жасап көріңіз. Бұндай тосын сый кез келген қыздың көңілінен шыға алады.
Қажетті заттар:
түрлі- түсті қағаздар; қарындаш; қайшы.
Қағаздарды бірдей төртбұрыштарға бөлеміз. Бетіне қарындашпен шиыршық саламыз.
Қайшы көмегімен сол шиыршық бойымен кесеміз.
Ұшынан бастап ораймыз. Орағанда гүлдің пішінін келтіруге тырысыңыздар.
Гүлді степлермен қыстырамыз.
Раушан гүлдері дайын.
Гүлдің сабын жасап, біреуге сыйласаңыз болады.
Дайындаған: Сания Аринова