Бен мен Али Нанери 2009 жылы отбасын құрды. Сол жылы жаңа үйлеріне отбасылық суретке түсті. Олар бақытты еді. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Рак дертіне ұшыраған Али араға екі жыл салып дүниеден озды. Артында көз жасын көл қылған күйеуі мен дүние есігін жаңа ашқан кішкентай қызы қалды. Екі жылдан кейін Бен бұл үйді сатып, жаңа қонысқа көшуді ұйғарды. Алайда кетер кезде Бен әйелінің құрметіне кішкентай қызы екеуі отбасылық суретке түсуді қалады. «Мен бұл суреттерді көріп адамдардың жаны ауырғанын қаламаймын. Әлі күнге жарымның қазасы үшін қиналамын. Мен өзімнің өмір тарихым арқылы «шынайы махаббаттың қандай екенін» көрсеткім келмейді», - дейді Бен.
Әлемдегі қаншама мың адамның көңілін босатқан бұл махаббат хикаясына бірге куә болайық...
Сол жақтағы сурет 2009 жылы түсірілді. Ал, оң жақта Бен қызы Оливиямен дәл сол орында. 2013 жыл.
Бұл сурет Оливияға өмірдің қай жерден басталғанын еске салатын болады. Беннің өзі де кішкентай қызының дәл осыны білгенін қалайды.
«Али туралы естеліктер бұл үйде емес, біздің жүрегімізде өмір сүретін болады», - дейді Бен.
Суретке түсіру барысында Оливия анасының шаш бұйралағышын тауып алды. Бұл сурет анасының тойға дайындық кезін еске түсіретіндей.
Бұл суреттерді түсірген - Алидің үлкен әпкесі Мелани. Ол бұл отбасының өткен күндерінен тек жақсы сәттерін ғана есіне алады.
Бұл шыныдағы періштені Оливия «ана» деп атайды...
Суретке түсіру кезінде Оливия, қайдан пайда болғаны белгісіз, құстың ақ мамық қуырсынын тауып алды. Алидің әпкесі мұны «анасының қызына білдірген бір белгісі» деп санайды.
Бен қызына укулеле (гитара секілді аспап) аспабымен Стиви Уандердің әнін орындап беруде. Бұл ән олардың тойында орындалған болатын.
«Өмірде қандай жағдай болмасын, Оливия менің аз ғана уақыт болса да бақытты ғұмыр кешкен орнымның бар екенін білетін болады», - дейді Бен.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: adme.ru