Жұлдызнама: Ана мен бала байланысы

Қазақтың бай тілінде "Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар" деген сөз бар. Басына қандай күн туса да артына ұрпақ қалдыруды мақсат тұтып, ұрпағын жұртқа тастап қашпаған. Бүгінде ана мен бала арасындағы көп мәселелерді көзіміз көріп, құлағымыз естіп, куә болып жүрміз. Алайда ана мен баланың бәрі бірдей емес.  Соған сай ана мен бала арасындағы өзара құдіреттің сырын зерттеуші ғалымдар аспан шоқ жұлдыздарымен байланыстырып, анықтапты. 

Тоқты

Тоқтылар баласының әртүрлі фотографияларын, үлгерімі жөніндегі табельдерін, ол жайында жазылған естеліктер мен хаттарды сақтап жүреді. Себебі, бұлардың бәрі – оның бөбегінің өсу жолындағы есте қалатын тамаша белгілер.

Торпақ

"Баласыз өмір – өмір емес" деп түйіндейтіндер. Ана үшін ең маңызды да, бүкіл іс бастауында тұратын да – баласы. Сондықтан торпақ аналар бөбегінің өмір жолында кездесетін бүкіл тауқыметтерді назарда ұстап, шешуге көмектесіп отырады. Торпақ ана – нағыз балажан, мейірімді тұлға. Мұндай аналар баласы ержетіп, есейсе де оның бар іс-әрекетінен бей-мағлұм қалмауға күш салады. Алайда өскеннен кейін баланың өзі мұндай қамқорлықтың  шектелуін қалауы мүмкін. Торпақтардың балалары көрікті келеді, әркез тойып тамақтанып жүргенді жақсы көреді. Бұл олардың аналарының да басты қалауларының бірі.

Егіздер

Бұл жұлдыздағы аналар – қуатты аналар. Ұрпағына кішкентай кезінен ешкімге тәуелді болмау керектігін ұғындырып бағады. Үйлері баланың таным-түйсігін арттыратын кітаптарға, ойыншықтарға толы келеді. Егіздер бөбектерінің үйде де, түзде де кішкентай жетістіктерінің өзін мақтан тұта білетін жандар. Баласына кішігірім талап қоюдың өзін олардың еркіндігіне қол сұққандық көретіні сонша, осындай мән беру екеу-ара қарым-қатынасқа салқындық тигізеді деп ойлайды.  Ол өзін өз сәбиінің ең жақын адамы екенін жан-жүрегімен түйсінеді. Соған қарамастан, олар баламен бірге бала болып, велосипед пен ролик тебуден сақтанады. Олар үшін осы айтылған ермектер тым оғаш көрінеді.

Шаян

Шаяндар балаларының қандай да бір талап-тілегіне асқан нәзік сезіммен, түсіністікпен қарайды. Балапаны сәл мұңайса болды, анасы оның қабағы жазылып, қалыпты жағдайға түскенше тыншымайды. Сырттай салмақты көрінгенімен шаян аналар баласының бір тал шашының орынсыз түсуіне төзбейді.

Арыстан

Арыстандар шуақтарын шашып, күндей жарқырап жүреді. Олардың балаларында бар жақсының бәрі болуы тиіс. Арыстан аналар отбасы мен жұмыс шегарасын айыра алатын, сезімтал жандар. Мұндай аналардың басты мақсаты да, ең үлкен арманы да балаларының бақытты болуы мен өмірге деген сенімді көзқарастарының нық қалыптасуы.

Бикеш

Бикеш аналар балаларының айтқанына құлақ асып, кеңесін бере отырып, олардың өздерінің де ойланып, өз ақылдарымен жүріп-тұруына мүмкіндік береді. Бикештер сырттай қарағанда салқын қанды көрінеді, әзіл-оспаққа да шорқақтау. Осыған қарамай жүрек жылуы айқын аңғарылып тұрады. Балаларын асқан талғаммен киіндіріп, бәрін дұрыс жасауға үйретеді. Бөбегінің дені сау болуына аса мән береді. Сонымен қатар, тазалығы мен асқа тәбетті болуына жете көңіл бөледі.

Таразы

Кейде таразылар үй шаруасынан, онда жиі болып тұратын айғай-шулардан қатты қажып қалады. Дегенмен, сүйкімді бөбектер ана көңілінің жуық арада шайдай ашылып, жағдайдың қалыпқа түсуіне ықпал жасай алады. Ал, таразылар қашан да балаларына әділ болуға тырысады. Мінезі ауырлау болғанымен, олар әр кез ең көркем де сұлу жандар.

Сарышаян

Сәбиі бесікте жатқанда-ақ оның қандай бала болып өсетінін біліп қояды. Ішкі сезім күшінің мықты дамитындығы сонша, мұндай белгідегі аналар баласының басына төніп тұрған бәле-жаланы ерте болжайды. Бөбегін сақтандырып отырады. Оның жүрегіндегі шексіз жылулық тек бөбегіне арналған. Ол оның бұғып жатқан талантының көзін ашып, дамып-жетілуіне жол көрсетіп отырады.

Мерген

Бұлар өте сергек те, сезімтал аналар. Бар істі арнайы кесте бойынша жүргізуге күш салады. Баланы шомылдыру, тамақтандыру, ойнату, ұйықтату, бәрі-бәрі тәртіппен жүзеге асырылады. Мерген аналар ойын мен мерекелік кештер ұйымдастырудың нағыз шеберлері.  Әзіл айтқанды жақсы көреді және сол әзілімен адам көңілін көтере біледі.

Тауешкі

Сыртқы кейпі салқын көрінгенімен, тауешкілердің іші толған жылылық. Әркез жинақылық пен құймақұлақтықты жаны сүйетін олар орынды жерінде талап та қоя біледі. "Балаларым – басты байлығым" деп санайтын олар үшін басқа дүниелер тек екінші орында. Бөбегінің қандай тілегі болсын оны орындау үшін тауды бұзып, тасты қопаруға әзір.

Суқұйғыш

Нағыз бостандықсүйгіш аналардың бірі. Шешімді тез шығарады, нендей кедергіні болса да жеңуге даяр. Балаларынан да қандай қиындық болсын соған төтеп беруге әзірлікті талап етеді. Ой бостандығы мен ерік бостандығын аса бағалайтын суқұйғыштар нәзік те, көңілді.

Балықтар

Балықтар өте сезімтал келеді. Мұндай аналар балаларының өдеріне деген сүйіспеншілігіне ерекше көңіл бөледі. Олардың бақыты мен келешек өміріне қатты алаңдайтындықтан, ұрпағы үшін қандай қиындықты да жеңіп, баршылықты жасауға ұмтылып бағады. Алайда балаға бәрін дайындап беріп, олардың өмір сүруі мен өмірді сүюін шектеуге негіз жоқ деп есептейді.