Қан қысымы — адамның түгел денесін жүрек соғысы арқылы қанмен қамтамасыз ету үшін қажетті құбылыс. Ол қан тамырлары арқылы өтетін қанның қысым деңгейін немесе күшін және жүрек соғысын сипаттайды. Жүктілік кезіндегі қан қысымының көтерілуі — өте күрделі жағдайлардың бірі. Сол себепті аяғы ауыр әйелдер тұрақты түрде қан қысымын тексертіп отыруы қажет.
Қан қысымы сынап бағасы бірлігінде өлшенеді (сынап бағасы мм). Қалыпты көрсеткіші 120/80 сынап бағасының мм тең болуы қажет. Қан қысымын өлшеуге қолданатын 2 көрсеткіш бар. Систолалық қысым – бірінші және жоғары көрсеткіш. Ол жүректің соғуы кезінде тамыр арқылы өтетін қанның мөлшерін және оның тамыр қабырғаларына тигізетін қысымын көрсетеді. Диастолалық қысым – екінші, яғни төменгі көрсеткіш. Бұл жүректің соғу арасындағы тынығу кезіндегі қалдық қысым деңгейін көрсетеді. Егер де бірінші сан 20-ға көбейсе, ондабұл қан қысымының жоғарылағанын білдіреді. Қан қысымының бұлайша көтерілуі жүктілік кезінде қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер оған дейін жеткізбеуге тырысады. Қан қысымы жоғары әйелдерді үнемі бақылауда ұстайды.
Жүктілік кезінде қан қысымының жоғары болуы тек ана үшін ғана емес, іштегі шарана үшін де өте қауіпті. Мәселен, мұндай кезде қан тамырлары құрғап, оттегі мен нәрлі заттар шаранаға қажетті мөлшерде жетпейді, оның дамуына кедергі келтіреді. Қан қысымының осылайша көтерілуінің салдарынан қатты қан кетіп, әйелді тез арада босандыруға тура келеді. Мұндайда анамен бірге баланың өмірі де қыл үстінде тұрады. Қан кетудің соңы ана өліміне алып келуі де мүмкін.
Қан қысымы көтерілуінің себептері:
— Тұқымқуалаушылық;
— Созылмалы күйзеліс (стресс);
— Қалқанша безіндегі гормондық белсенділіктің өзгеруі;
— Қант диабеті;
— Шылым шегу;
— Алкогольді ішімдік ішу(жүктілік кезінде ішімдікті аз мөлшерде де ішуге болмайды);
— Дұрыс тамақтанбау;
— Денені артық май басу, артық салмақ;
— Қозғалыстың аздығы.
Жүктілік кезінде қан қысымының көтерілгенін әрбір әйел сезінуі тиіс. Себебі, мұндай жағдайда әйелдің мазасы қашып, басы ауыра бастайды, болмаса мына төмендегі жағдайлар арқылы қан қысымының жоғарылағанын аңғаруға болады:
— Себепсізден себепсіз бастың ауыруы;
— Жүректің айнуы;
— Бас айналу;
— Бет пен көкірек терісінің қызаруы;
— Құлақтың шуылы;
— Көздің көруі нашарлайды;
— Іштің ауыруы.
Осындай ауырсынуларды байқаған жүкті ана өзінің жағдайын айтып, дәрігер қабылдауына баруы тиіс. Егер де алдын алмаған жағдайда, болашақ ананың денсаулығы күрт нашарлап, гестоз ауруына ұласуы мүмкін. Гестоз – қалыпты жүктіліктің бұзылуы немесе қиындай түсуі. Мұндай жағдайда ағзадағы сұйықтық бөлінісі азайып, аяғы ауыр әйелдің аяқ-қолы ісіне бастайды. Сонымен қатар несепте ақуыз пайда болады.
Гипертония (қан қысымы көтерілуі) кезінде болашақ аналар:
— Психологтан кеңес алуы керек;
— Диета ұстағаны абзал;
— Күн сайын таза ауада серуендеп, табиғат аясына шығу керек;
— Күндіз демалғаны дұрыс;
— Артық салмақ қосып алудан сақтануы қажет;
— Күн сайын қан қысымын өлшеп тұруы тиіс;
— Физиоем қабылдағаны дұрыс;
— Майлы, тәтті, тұздалған және қақталған тағамдардан бас тарту керек.
Есіңізде болсын, жоғары қан қысымының алдын алу және қаупін төмендету шаралары өз күтіміңізге байланысты. Мұндайда уақытылы әрекет жасау өте маңызды және сіздің өміріңіздің ұзақтығы мен жоғары сапасының кепілі.