- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Жүкті келіншекке не...
Жүкті келіншекке не сыйлауға болады?
Балаға арналған киімдер, ойыншықтар не басқа да қажетті нәрселерді бала өмірге келмей жатып сатып алуға болмайды деген ырым бар. Бұл ырымды сақтанған да дұрыс. Ал жақын арада өмірге бала әкелетін анаға не сыйлауға болады?
Кітаптан қымбат сый жоқ. Жүкті аналарға арналған, бала тәрбиесіне қатысты немесе жай ғана көңілді оқиғалар баяндалған кітап сыласаңыз, қателеспейсіз.
Тұрмыстық бұйымдар. Болашақ аналар уақыт өткен сайын салмақ қосып отырады, ал ананың да, баланың да денсаулығы қалыпты болуы үшін салмағын үнемі бақылауда ұстап аз не көп болмауын қадағалау қажет. Сол себепті бұл аналар кейін де сүйсіне қолдана алатын керемет сыйлық болары анық. Сонымен қатар блендер, мультиварка, шырын сыққыш, вафли пісіргіш секілді ас үй құралдары, ауа ылғалдандырғыш, жылытқыш секілді бұйымдар да артық болмайды.
Жүктілерге арналған косметика. Ол тері созылуына қарсы жақпамай, бальзам, гель болуы мүмкін. Шаршағанды басатын табиғи бет маскасы, теріге арналған кез келген табиғи косметика.
Киноға, театрға, концертке билет. Жүктілік кезде ананың көңіл күйі құрсақтағы шаранаға да әсер ететіндіктен үнемі көтеріңкі көңіл күйде жүргені жөн. Сол себепті мұндай сергіту сәттері аяғы ауыр адамға аса қажет. Ал егер босану мерзімі жақын болса, оған қатты шулы дыбыс жақпауы мүмкін, мұндай жағдайда сыйлықты ойланып таңдаңыз.
Кәсіби фотосессия. Ол үшін алдымен мереке иесінің ойын біліп алыңыз. Көпшілігі өзінің қайталанбас сәтінен естелік қалдырғысы келеді, алайда жүкті кезеңінде түскен фотоларды көпшілікке көрсеткісі, жариялағысы келмейтін адамдар да болуы мүмкін. Сондықтан тосынсый жасамас бұрын кейіпкермен ақылдасып алыңыз.
Тәттіден не жемістерден жасалған букет. Жүкті кезде кей келіншектердің тәттіге құмарлығы артуы мүмкін немесе жемістерден құралған букет оны сөзсіз қуантады әрі дәрумендер денсаулығына да пайдасын тигізеді.
Жүктілерге арналған фитнеске не йогаға абонемент. Егер болашақ ана салауатты өмір салтын ұстануды құптайтын болса, бұл сыйлыққа да қуанары анық. Алдымен дәрігерімен де кеңесіп алғаны абзал.
Болашақ анаға арналған көпшік. Босанатын уақыты жақындаған сайын іші қалыптан тыс үлкейгенде жүкті әйелдер жатып ұйықтау ыңғайсыз екенін айтып шағымданады. Осы мәселенің алдын алу үшін оған арнайы көпшік сыйласаңыз, рахатын көреді.
@. @assel_assanova