- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Жүкті әйелге шалқасынан...
Жүкті әйелге шалқасынан жатып ұйықтау қауіпті
Фото:
Glidmedel.com
Ғалымдардың айтуынша, сәбидің аман-есен дүниеге келуі анасының түнде қалай жатып ұйықтайтынымен тікелей байланысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Манчестер университетінің ғалымдары 1 000 жүкті әйел қатысқан зерттеу жұмысын жүргізді. Олардың 291-інің сәбиі өлі күйінде туған. Яғни осы шақалақтардың өлі күйінде тууына анасының жүктілік кезінде қалай ұйықтағаны тікелей әсер еткен.
Сонымен қатар, ғалымдар жүктіліктің 28-аптасынан кейін сәбилердің өлі күйінде туу қаупі 2 есе жоғарылайтынын айтқан. Осы мерзімнен бастап жүкті әйелдерге шалқадан жатып ұйықтауға болмайды. Анасы шалқадан жатқан кезде ішіндегі сәбиіне қан бармай қалуы мүмкін.
Н. Үсенова