Жігіттің екі ауыз сөзі

Жігіттің екі ауыз сөзі

Күндердің бірінде жігіт екіқабат әйелінің шашынан иіскеп отырды. Дәл сол сәтте әйелі одан: «Сеніңше баламыз қыз бала болса жақсы ма, әлде ұл бала болса жақсы ма?», - деді.

Сонда жігіт: «Егер қыз бала болса, мен екеуіңді қорғаймын, ал ер бала болса ұлымыз екеуміз сені қорғаймыз», - деді.

***

Жігіт сүйгенімен той жасаған соң сүйгенін тіпті де бақытты етуге бел байлапты.

Бірде басқосу отырысында жігіттің достары оған: «Әу, сен қатты өзгеріп кетіпсің, әйеліңді басыңа көтеріп аялайтын болыпсың ғой!», - депті.

Сонда жігіт күліп тұрып: «Өйткені, біз той жасаудан бұрын оған көптеген жігіттер сөз салды. Ол жігіттердің бәрі сайдың тасындай тамаша жігіттер еді. Мен ол жігіттерден артық жақсы болған соң ғана онымен қосыла алдым. Біз той жасағаннан кейін оның қасында мен ғанамын. Оны тіпті де бақытты ету менің ғана қолымда, ал әйелім бақытты болса мен де бақытты боламын!», - деген екен.

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: pp3.cn

M. Auelkhan