Бала тәрбиесі психология ғылымындағы үлкен саланың бірі. Ата-ананың баласына айтатын сөзі оның ертеңіне тікелей әсер етеді. Анасы балаға қандай сөздер айтуы керек?
Басы
«Қиындық – сабақ»
Балаңызға өмірде болатын қиындықтар жеңіліс емес, оның жігерін ұштайтын жаңа сабақ деп түсіндіріңіз.
«Әр қателіктен сабақ алуың керек»
Балаңыз бір қиын жағдайға тап болғанда, қателік жасағанда одан «қандай сабақ алдың?» деп сұраңыз. Сол жағдайды бірге талқылаңыз. Әр қателіктің біз үшін үлкен сабақ екенін түсіндіріңіз.
«Ештеңеден қорықпа. Біз сені жақсы көреміз»
Өзіңіздің бала кезіңізді еске түсіріңіз. Махаббат пен қамқорлықты сезінгенде ешнәрседен қорықпайтын едіңіз, рас па?
Бала үшін қауіпсіздікті сезіну маңызды. Ол ата-анасының қасында өзін бақытты, жайлы сезінуі керек. Бұл оған жеке тұлға, мінезі мықты адам болуға көмектеседі.
Баланы ұйықтатар алдында үнемі «ештеңеден қорықпа, біз сені жақсы көреміз» деп құлағына құйыңыз. Мұны күлімсіреп, маңдайынан иіскеп айтатын болсаңыз, ол есейгенде сізге қамқор болады. Баланың әрекеті тек ата-анасының тәрбиесіне байланысты. Осыны ұмытпаңыз.