Желдеткіш таңдай білесіз бе?

Желдеткіш таңдай білесіз бе?

Үй ішін жаныңызға жайлы ету үшін қазіргі заманда қолжетімді техникалар түрі артуда. Бірақ сол тұрмыстық техникаларды таңдауда кейде қателесіп жатамыз. Үй ішін таза ауамен қамтамасыз етіп, бөлмедегі ылғалдылық пен температураны қалыпты күйде ұстап тұруда желдеткіштердің маңызы зор.

Желдеткіштердің үстел үстіне қоятын, жерде тұратын және төбеге орналастыратын түрлері болады.

ва

Үстел үстіне қойлатын желдеткіштер кабинеттерге, ас үйге және де дүкендерге қоюға өте ыңғайлы. Желдеткіштің бұл түрі өзінің кішкене көлемімен, үстелге орналастыратын арнайы қыстырғыштарымен ерекшеленеді.

ва

Еденде тұратын желдеткіштер жоғары өнімді болады, және де үрлеу жылдамдығы жоғары. Мұндай желдеткіштер алыстан басқарылатын пультпен, ажырату таймерімен жабдықталған.

ва

Төбе желдеткіштері үлкен қуатқа ие, ауа жіберу жылдамдығы жоғары болып келеді, сонымен қатар, ауа ағынының бір мезгілде көп көлемін өңдей алады.

Желдеткіштерді таңдаған кезде оның болашақ тұратын жеріне қарай ыңғайлап алу қажет.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: bork.ru, lookatme.ru, avostrikov.com