Жазда терезені безендіруге 4 идея

Жазда терезені безендіруге 4 идея
Фото: unsplash.com

Интерьердегі терезенің бір міндеті — жарық өткізу. Сондай-ақ, әдемі безендірілген терезе интерьердің әшекейіне айнала алады, оны толықтырады және оған акцент береді. Жарық күн ұзарған кезде терезеге жиі қарағың келеді. Ондағы көрініс одан сайын көркем бола түсуі үшін жазда терезені безендірудің бірнеше қызықты әдісін ұсынамыз.

Терезенің алдына құмыра қою

Көпшілік терезенің алдында әдемі гүлдері бар құмыралар тұрғанын қалайды. Бірақ гүлі жоқ құмыралар да әдемі көрінеді. Түрлі пішіндегі және әртүрлі биіктіктегі құмыралар мен графиндердің үйлесімі терезенің алдында ерекше көрінеді. Терезенің алдына көлемді құмыраларды ретсіз орналастырып қойыңыз. Бұл барлық ыдыстың ішін гүлмен толтыру маңызды емес. Оның біреуіне бір раушан немесе таушымылдық (пион) салып, қалғандарын бос қалдырғанда тұрған ештеңе жоқ.

Көпқабаттылық

Үйге барынша табиғи жарықтың көп түскені жақсы. Бірақ кейде тіке күннің сәулесі жұмыс істеуге немесе таңертең ұйықтауға кедергі келтіреді. Сондықтан терезені гардиналармен көпқабатты безендірумен тәжірибе жасап көріңіз. Мысалы, жеңіл гардиналар жарықты жеткілікті өткізеді және сыртқы көздерден жасырады. Ал тығыз жапқыштар күннің тіке көздерін өткізбейді. Мұндай жапқышты жатын бөлмеге ілген абзал. Бір терезеге бірнеше жапқыш іліп көріңіз.

Зығыр перде

Асүйге арналған жазғы декор — зығыр перде. Зығыр ылғалға төзімді, оны жуу және үтіктеу оңай. Бастысы, ол — жазбен және күнмен ассоциацияланатын жеңіл материал. Пердені ауыстыру арқылы жылы жазғы күндерді сезіне аласыз.

Терезеге арналған моншақтар

Моншақтардан жасалған пердемен жиі бөлмеаралық есік орындарын жабады. Алайда, әсіресе, жазда ол терезеде әдемі әрі қызықты көрінеді. Олар қонақ бөлме мен асүйдегі перделерді оңай ауытыра алады: ол интерьерді жеңіл әрі жарқын етеді. Моншақтардың әйнек, хрусталь немесе акрилден жасалған түрлеріне мән беріңіз. Себебі олар күн сәулесін әдемі сындырады.

А. Жапатова