Кішкене балақайдың сана кіріп үлгермеген өмірі жылап, шыңғырумен өтпек. Өз кезегінде жылаған балаға қарны ашты екен деп тамақ беріледі, жылады екен деп бесікке тербетіледі немесе аузына емізгек (соска) салынады. Әрине, бұның бәрі қалыпты жағдаят. Ал енді кішкене балақайдың жаялықты бүлдірмей және әжетханаға дейін шыдағанын кім көріпті?!
Балақай ылғал үстінде жатқанын сезініп міндетті түрде ащы даусымен жылап жібереді. Осы бір мәселенің алдын алу мақсатында бразилиялық “Ogilvy” жарнама агенттігі ата-аналарға арнап “Huggies TweetPee” қосымшасын жасап шығарыпты.
Арнайы қондырғы жаялыққа қондырылады және смартфон арқылы жөргектің ылғал болғандығын және оны ауыстыру керектігін, әйтпесе, жуу қажеттігін ата-анаға ескертеді.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/btOFcIgDG14","width":"450","height":"240"});
Сурет:www.devipoint.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек