- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Жатын бөлменің тазалығына...
Жатын бөлменің тазалығына байланысты 4 ереже
Үй тазалығы жайлы сөз қозғағанда жатын бөлменің тазалығына да көңіл бөлу керек. Себебі, адам өз уақытының көп бөлігін осында өткізеді.
1. Төсек жаймаларын жиі ауыстырыңыз. Жатын бөлмесіндегі тазалық алдымен төсек-орнынан басталады. Адамның өзін жайлы сезініп, жақсы демалуы үшін төсек жаймаларының таза әрі жұпар иісті болғаны дұрыс.
2. Әр затты өз орнына қоюға дағдыланыңыз. Жатын бөлмесіндегі тазалықты сақтау үшін әр заттың өз орнында тұрғаны да маңызды. Ұсақ-түйек заттар шаңды өзіне тез жинайды. Сондықтан олардың тұрақты орны болу керек.
3. Жатын бөлмесін желдету. Тазалық туралы сөз болғанда, бөлмеңіздегі ауаның тазалығына да мән беріңіз. Сол себепті ұйқыға жатар алдында бөлмеңізді желдетіп алыңыз. Себебі, жатын бөлмеңіздегі жағымсыз иіс пен тым ылғалды ауа өзіңізді жақсы сезінуге кері әсерін тигізеді.
4. Жалпы тазалықты сақтау. Егер мүлтіксіз тазалыққа қол жеткіземін десеңіз, аптасына кем дегенде екі рет тазалық жұмыстарын жүргізу қажет. Әсіресе, еденнің, жиһаздардың тазалығына ерекше мән беру керек.
Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова
Сурет: furniteka.com