- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Жас сәбилерге қатысты...
Жас сәбилерге қатысты 10 қызықты дерек
Бала - әр ата-ананың қуанышы, мемлекеттің болашағы. Сол себепті де баланың денсаулығына көңіл бөлу әрдайым үлкен маңызға ие. Бүгінгі материалымызға жас сәбилерге қатысты 10 қызықты әрі маңызды фактілерді топтастырдық.
1. 6-7 айлығында сәби бір уақытта дем алып, жұтына алады. Бұл әрекетті ересектер жасай алмайды.
2. 1-3 айлық баланың жылағанда көз жасы шықпайды.
3. Жас ата-аналар сәбиінің алғашқы екі жылында көп ұйқысынан айырылады. Олар шамамен 4380 сағат ұйықтамайды, бұл алты айға тең.
4. Жаңа туған сәбилердің көзі нашар көреді. Олар бар болғаны 25-30 см қашықтағы алшақтықты көре алады. Тек үш айынан бастап көздің көру қабілеттілігі артады.
5. Ересектер минутына 15-20 рет дем жұтынса, жаңа туған сәбилер минутына шамамен 40 рет ішке дем тарта алады.
6. Жер шары тұрғындарының 10%-ы солақай. Сондықтан баланың қай қолы басты екенін жастайынан анықтап алған жөн. Сондай-ақ егіздердің 22%-ы солақай болып жаратылады. Медициналық зерттеулерге сүйенсек, дұрыс жетілмеген балалар солақай болып дүниеге келеді.
7. Кішкентай балалар шет тілдерін меңгеріп алуға өте қабілетті болады. Танымал “Newsweek” басылымы «10 жасына дейін екінші тілді меңгермеген бала өзге тілдерді ана тіліндей жетік меңгере алмайды» деген қорытынды жариялаған.
8. Дүниеге келер сәтінде сәбидің жүрегі минутына 180 рет соғады. Бірнеше сағаттардан кейін жүрек минутына 140 рет соғу деңгейіне түседі. 1 жасында баланың жүрек соғу жиілігі минутына шамамен 155-ке дейін төмендейді. Ал ересек адамдардың қалыпты жүрек соғу деңгейі минутына 70-80 рет.
9. Статистика бойынша, 3-4 жастағы балалардың көпшілігі күніне 12000 сөз айтып, 900 сұрақ қояды екен.
10. Ғалымдардың айтуы бойынша, тым белсенді еңбектегендер бірден жүріп кеткен балаларға қарағанда оқуды тез меңгереді.
Дереккөз: szh.kz
Ж. Жұмағұлов