Ата-ана болу үлкен жауапкершілік. Балаға тәрбие бере отырып, өзіңіз де сабақ алып отырасыз. Әр ата-анаға қажетті қарапайым кеңестерді ұсынамыз. 1. Жүйелі болыңыз. Егер теледидарды күніне тек бір сағат көруге рұқсат болса, күнде солай болуын қадағалаңыз. Бүгін бір сағат, бірақ ертеңгісін 2-3 сағатқа қосып, тұрақсыздық танытпаңыз. 2. Әділ болыңыз. Жаза әрекетке сәйкес қолданылуы керек. Кездейсоқ сынған кесе бір айға барлық әуесінен айыруға себеп емес. 3. Орындалмайтын уәде бермеңіз. Енді сенімен ойнауға шықпаймын, Теледидарды ешқашан қарамайсың, Артынан мына ойыншықтардың бәрін алып беремін деген секілді орындалмайтын уәделерді бере бермеңіз. Себебі, бала сөзіңіздің құны жоқ екенін түсініп, оларға мән бермейтін болады. 4. Баланы біреуге беріп қоямын деп қорқытпаңыз. Баланы мысалы, далада кетіп бара жатырған ағайға беріп жіберемін деп қорқытпаған жөн. Бала өзін керек емес және жалғыз сезінуі мүмкін. 5. Балаңызға үлгі болыңыз. Баладан сұрайтын ережені өзіңіз де орындаңыз. Егер балаға күніне екі кәмпиттен артық жеуге болмайды деп шарт қойсаңыз, өзіңіз оның көзінше өте көп жей бермеңіз. Егер қызыл бағдаршамға жүруге болмайды десеңіз, өзіңіз жол бос болған жағдайдың өзінде жүгіріп өтіп кетпеңіз. Бала сізге ұқсас болғысы келетінін және сізден үлгі алатынын ұмытпаңыз. 6. Себебі, мен солай айттым және сен қаласаң қайтейін сөздерін айтпаңыз. 7. Бастамасын мақтаңыз. Бір оқитын баланың қуырған жұмыртқасы күйіп кетсе де, ол сізді ренжіту үшін емес, жағымды нәрсе жасайын деп тырысқанын ойлаңыз. Алғыс айта біліңіз. 8. Баланы кемсітпеңіз. Үй ренжітпейтін, қолдайтын, түсінетін және көмек беретін жер екенін бала біліп өсу керек. 9. Балаңызды жақсы көріңіз. Бала оны бірдеңе үшін емес, жай жақсы көретінін және бағалайтынын білуі керек. Ол қателессе де, сіз үшін ең керемет бала болып қалатынын іштей сезінуі тиіс.