- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Жаңа туған нәресте...
Жаңа туған нәресте ана тілі мен шет тілін анықтай алады
АҚШ-тың «Ғылым қызықтары» порталының хабарлауынша, сәбидің тіл үйренуі анасының ішіндегі кезінен басталады деген көзқарастың дұрыс екендігі дәлелденген. Нәресте туыла сала, бірнеше сағаттан кейін-ақ ана тілі мен өзге тілді айыра біледі екен.
Вашингтон университетінің зерттеушісі Патрица Кур: «Ана сөзі баланың үлкен миына ең алдымен әсер етеді» дейді.
Зерттеушілер Вашингтон мен Швециядан әкелінген 40 нәрестені жиып (20 ұл бала, 20 қыз бала) сынақ жасады. Оларға ана тіліндегі және шетел тіліндегі дыбыстарды тыңдатты. Зерттеушілер сәбилерге компьютерге жалғанған емізікті беріп қойды. Олардың түрлі дыбыстарға қызығуын бақылады.
Зерттеу нәтижесі: Жоғарыдағы екі елден келген нәрестелер өз ана тілін естігенге қарағанда, таныс әуенді ести алмаған кезінде емізікті ұзаққа дейін емген. Демек, олар тілдік айырмашылықты біледі. Осы зерттеудің жауапты маманы: «Сәби туылудың алдында анасының сөздеріндегі ерекше дыбыстарды үйреніп, санасына сіңісті болады» деген пікір айтты.
Осыдан бұрын да зерттеулер бойынша, нәресте ана құрсағында жатып, дауысты парықтау қуатын қалыптастырып болатындығы анықталған-ды. 2011 жылы ғылыми журналда: «Бір топ жүкті әйелге жүктіліктің соңғы 3 аптасында пианинода орындалған қысқа музыка қойып берген. Балалар туылып, бір айдан кейін музыка қайта қойылғанда, олардың жүрек соғуы басқа музыкаларды естіген кезіне қарағанда баяулап, тынышталған. Бұдан бөлек, 2009 жылы «Осы заманғы биология ілімі» журналында: «Туылғанына 3-5 күн болған сау денелі 60 нәрестенің жылаған дауысына зерттеу жүргізілді. Француз тілінде сөйлейтін отбасында туылған 30 бала мен неміс тілінде сөйлейтін отбасында туылған 30 баланың жылағандағы дауыс ритімі мүлде ұқсамаған. Демек, бала ана тілінің ырғағына сай жылайды» деген қорытынды шығарылған болатын.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: picnic.com
M. Auelkhan