Жаңа өмір бастаудың алғашқы қадамы

Жаңа өмір бастаудың алғашқы қадамы
Фото: Тимофей Старовойтов

Көптеген адам өмірін өзгерткісі келетіні рас. Көзқарастарын, өмір сүру салтын, қасиет-әдеттерін, қоршаған ортасын өзгертуді қалайды. Бұл − жауапкершілікті талап ететін шешім. Неден бастау керек?

Қоқыстан құтылыңыз. Қоқыс дегеніміз не? Бұл терминді екі жақты қарастыруға болады: саналы және бейсаналы. Бейсаналы тұрғыда қоқыс дегеніміз:

- негативті ойлар;
- реніш;
- ыза;
- кек;
- қорқыныш;
- сенімсіздік;
- қызғаныш;
- көре алмаушылық.

Бұл адаммен бірге туылатын қасиеттер емес! Сондықтан олардан арылуға болады. Тек көп адам оларды босатқысы келмейді. Неге сіз бұл "құндылықтарыңыздан" айырылғыңыз келмейді? Ойланып көріңіз.

Саналы тұрғыда қоқыс дегеніміз:

- қажетсіз киім;
- тозығы жеткен аяқ киім;
- жыртық, жарамсыз дүние;
- бұрынғы махаббаттан қалған сыйлықтар;
- ауыр кезеңді еске салатын сурет, заттар;
- "киемін" деп алынған су жаңа киімдер.

Алғашқы (бейсаналы) қоқыстан арылған соң міндетті түрде жоғарыда аталған қоқысты тастауға кірісіңіз. Ескі заттың орнына пайдасы мол жаңа зат алыңыз. "Бос емес стақанға су құю мүмкін емес" деген сөзді ұмытпағайсыз. Жаңа өмірді ескі, қажетсіз заттармен бастау қиын. 

Ф. Абилова