Жаңа аяқ киім аяғыңызды қажаса...

Жаңа аяқ киім аяғыңызды қажаса...
Фото: Camila Damásio, Unsplash.com

Жаңа аяқ киім алғанда қуанамыз. Бірақ кейде аяқ киім алғашқы күндері аяқты қажап, көңіл күйіміз түседі. Мұндай жағымсыздыққа шыдап жүре беруге болмайды, әйтпесе, ол аяқпен қатысты проблемаларға әкелуі мүмкін.

Жаңа аяқ киім неге қажайды?

Дұрыс емес өлшемдегі аяқ киім таңдау — аяқтың ауыруына және сүйелдердің пайда болуына әкелетін қателіктің бірі. Тар аяқ киім кию бас ауыруының және арқа проблемаларының себебі бола алады. Аяқ киімнің аяқты қажауының тағы бірнеше себебіне мыналар жатады:

- қатты материал;
- аяқ ісінуі;
- сәйкес келмейтін үлгі;
- дөрекі детальдар мен тігіс.

Егер аяқ киім қажаса, не істеу керек?

Бұл кезде оның не үшін пайда болғанына қарай әрекет ету керек болады.

Өлшемі дұрыс таңдалмаған аяқ киім
Егер жарты өлшемге тар аяқ киім сатып алып қойсаңыз, үйде оны жүн шұлықпен киіп жүріңіз. Егер бұл көмектеспесе, мына әрекеттерге көшіңіз:

- Қысып тұрған жерге ішкі жағынан балалар кремін немесе арнайы созатын құрал жағыңыз. Мұндай құралды кез келген аяқ киім дүкенінен табуға болады. Құралды жаққан соң аяқ киімді киіп, ең болмағанда жарты сағат жүріңіз. Егер бұл көмектеспесе, осы процедураны тағы бір рет қайталаңыз.
- Егер аяқ киім сәл үлкендеу болса, қосымша ұлтарақ қолданыңыз. Әдетте, бұл мақсатта қолданылатын ұлтарақтар силиконнан немесе басқа сырғанамайтын материалдан дайындалады.

Тершеңдік
Жүрген кезде аяқ терлесе, ол тері аяқ киімге үйкеледі. Ол сүйелдің пайда болуына әкеліп, саңырауқұлақ ауруларының даму себебіне айналуы мүмкін. Аяғыңыз терлей берсе, табиғи мақта шұлыққа көшіңіз. Аяқ киім дүкендерінде арнайы аяқ киімдерге арналған дезодоранттар сатылады.

Қатты аяқ киім
Егер аяқ киіміңіздің арты қатты болса, силикон «жастықша» сатып алыңыз. Жағымсыз сезімнен арылу үшін оны аяқтың артына салады. Сондай-ақ балалар сеппесін де қолдануға болады. Бірақ сеппені аяқ киімнің артына оны  әр киер кезде шашу керек болады.

Аяқтың ісінуі
Кейде аяқ киім тек күннің ортасында немесе соңында қажай бастайды. Ол аяқтың ісінуімен байланысты болуы мүмкін. Әдетте, аяқ ісінген кезде табан жарты немесе бір өлшемге үлкейеді. Бұл жағдайда денсаулығыңызға күтім жасау керексіз. Мысалы, уақытша биік өкшелі аяқ киімнен бас тартыңыз, аяғыңызды теңіз тұзы салынған суға салыңыз және жеткілікті түрде демалыңыз. Егер аяқтың ісінуі ұзақ уақыт мазаласа, дәрігерге көрінген жөн.

Табиғи теріден тігілген етік
Сүйелдер жиі былғары аяқ киімнен пайда болады. Бұл материал қаттылау болғандықтан, оған аяқ пішінін қабылдауға уақыт керек. Бұл процесті бірнеше әдістермен жылдамдатуға болады:

- Жүн шұлықты ыстық суға сулап, жақсылап сығып, киіп алыңыз. Содан соң сыртынан былғары аяқ киімді киіңіз. Шұлық кепкенше аяқ киіммен жүріңіз. Ылғал мен жылудың әсерінен былғары аяқ киім сәл созылады.
- Арнайы спрей, крем немесе көбік сатып алыңыз. Олар былғарының қаттылығын кетіріп, оны сәл жұмсартады. Аяқ киім де, аяғыңыз да зақымдалмас үшін сапалы құралдар қолданған дұрыс.
- Аяқ киім шеберханасына барыңыз. Ол жерде арнайы құрал көмегімен аяқ киім көлемін үлкейтіп, ыңғайлырақ етіп береді.

А. Жапатова