- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Жалқаулықтан құтылу техникасы...
Жалқаулықтан құтылу техникасы #2
Қазіргі таңда жалқаулық адамның соңынан қалмайды. Ол бізді ұйқыға, үнемі демалуға шақырады. Бұл мінез бе, қасиет пе? Әлде, өзгертуге болатын әдет пе? Әрине, бұл - әдет. Жалқаулықтың антонимі – өз-өзіңді жігерлендіру.
Жігерлендірудің әдістерімен таныса отырыңыз:
1. Музыка. Сізді музыканың қандай түрі еңбектенуге ынталандырады? Ол рок, техно немесе классика болуы мүмкін. Жұмысқа кіріскенде өзіңізді ынталандыратын әуенді қосыңыз. Ең бастысы, таңдаған әндеріңіз сізді шаршатпауы тиіс.
2. Мақсат. Иә, жалқаулыққа қарсы әңгіме қозғалғанда, міндетті түрде жалқаулық қатар айтылады. Нақты мақсат ойластырсаңыз, ол сізді ілгері жетелейді. Ал күмәнді мақсаттар сізді әрекетсіз қалдырады. Егер не қалайтыныңызды анықтасаңыз, оған қол жеткізу үшін сан түрлі әдіс-амалды табасыз. Бұған тырысудың да қажеті болмайды. Себебі, нақты мақсат – шын ниеттің нәтижесі.
3. Сізді не қызықтыратынын анықтаңыз. Өзіңізге ұнамайтын іспен айналысу өте қиын. Сондықтан сізді қызықтыратын істі анықтап, сол салаға барыңызды салыңыз. Біріншіден, өзіңізге пайдалы, екіншіден, жаныңызға жағымды іспен айналысасыз. Сүйікті іспен айналысуға өзіңді күштеудің де қажеті болмайды. Уақыттың да қалай зымырап өткенін байқамайсыз.
4. Қимылдау. Неғұрлым ұзақ уақыт бос жатсаңыз, ішкі энергия мен белсенділігіңіз соғұрлым азая түседі. Мұндай үзілістен кейін жұмысқа, сабаққа кірісіп кету өте қиын. Қарапайым физикалық жаттығулар өзіңізге сенімділікті арттырады, ойлау қабілетіңізді жақсартады. Ең бастысы, әрекет жасауды ұмытпаңыз.
5. Жұмысты әдетке айналдырыңыз. Үй жинау, сабақ оқу, жұмыс істеу сындылардың барлығы әдетке айналуы тиіс. Өз мерзімінде жұмысқа кірісіп кететіндей жағдайға жетуіңіз керек. Мұның арқасында үнемі өзіңізді жігерлендіріп тұрудың қажеті болмайды. Әрине, үнемі жұмыс жасау керек демейміз. Арасында демалып тұрған да жөн.
Аталған ережелерді жүзеге асыру қиын ба? Әрине, жоқ. Алайда «айтуға оңай» болғандықтан, көп созбай іске кірісейік!
Сурет: ©Бауыржан Бисмильдин
Оқи отырыңыз:
Жалқаулықтан құтылудың техникасы #1
Жалқаулықты жеңудің ең жеңіл әдісі
Өз-өзіңді дамытудың шарттары #2
Ф. Абилова