- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Жақсы әйел атанамын...
Жақсы әйел атанамын десеңіз
«Әйел — үйдің көркі, еркек — түздің көркі» демекші, шаңырақтың шаттығы мен берекесі әйелдің қолында. Әйел үйдің шаруасын дөңгелетіп қана қоймай, бүкіл отбасының жағдайын жасайтын адам. Күйеуінің табысын құрап, оны қолдап, үйін көркейтіп, басын төрге сүйреп жүрген әйелдер аз емес. Дегенмен әйелдер әртүрлі болады. Жақсы әйел — жақсы мінезімен ғана жақсы атанады деп, назарларыңызға жақсы әйел, сүйікті жар болудағы ұстанатын ережелерді ұсынамыз.
Кешкі ас әркез уақытылы дайын тұрсын. Ол сіздің оны құрметтейтініңізді көрсетеді. Еркектердің барлығы дерлік үйге қарындары ашып келеді. Сол кезде сүйікті тамағы дайын тұрса, бұл отбасы берекесінің кепілдемесі бола алады.
Жылулық сыйлаңыз. Қазіргідей суық маусымда үйдің жылы болуына күш салыңыз. Сонымен қатар шаршап, жаурап келгенде жылы қабақ пен жылы үй, жылы сөз көңілді көтереді.
Көңілді әрі қызықты сырлас бола біліңіз. Күні бойғы күйбең тірліктен соң, жарыңыз көңілінің көтерілуін қалайды. Жақсы әйел осындайда сырлас бола білгені жөн.
Үйді әрдайым таза ұстаңыз. Үстел үстіне кітап, ойыншық, газет қоймаңыз.
Балалардың киімі ұқыпты, қолдары таза болсын. Екеуара байлықтың мұндай сүйкімділігі еріңізге үлкен бақыт сыйлайды.
Тыныштық сақтаңыз. Ол келгенде кір машинасының, шаңсорғыштың дыбысы естілмесін. Бұл жұмыстармен ол жоқ кезде айналысу керек. Балаларды да шулатпай, тыныш отыруға үгіттеңіз.
Тыңдап үйреніңіз. Айтарыңыз көп болса да тамағын ішіп, тынығуын күтіңіз. Алдымен оны тыңдаңыз, өйткені еріңіздің сөздері әлдеқайда маңыздырақ. Сонымен қатар оның көзқарасы мен ойларына қарсы шықпаңыз. Оның пікірінің дұрыстығына күмәнданбаңыз.
Әр кешті еріңіздің сүйікті уақытына айналдырыңыз. Ол үйге кеш оралса немсе сізді ертпей достарымен кетсе, қайда болдың деп мазасын алмауға үйреніңіз. Сонымен қатар мәселеңіз бен шағымдарыңызды айтып, мазасын ала бермеңіз.
Сіздің басты қаруыңыз – жылы сөзіңіз. Әрқашан жұмсақ, жағымды және жай дауыспен сөйлеңіз. Оның отағасы екенін ешқашан ұмытпаңыз.
Әсем болыңыз. Күйеуіңіз келгенде әсем көріну үшін 15 минут тынығып алыңыз. Киіміңізді түзеп, ол үйге кіргенде қуанышты әрі жайдары қалпыңызды сақтаңыз.
Түсіністік пен сыйластық – бақытты отбасы болуға апаратын жол екенін ұмытпаңыз.
Н. Үсенова