- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Ғұмыр кезеңдері: Бастапқы...
Ғұмыр кезеңдері: Бастапқы кезең
Өмірге адамның келуі – үлкен құбылыс. Бұл жаңалықтың жаңалығы, оқиғаның оқиғасы. Адам ғұмыры. Ол қалай басталады? Қандай кезеңдерден тұрады? Осыған назар аударайық.
Қасиетті атаның нілдей тегі домалап анаға табысталғанда ол жерде жаңа дүниенің есігін ашып алуан түсше сипатталуы мүмкін шуақты шарға аяқ басады. Мұны барша халық қадірлеуі керек. Бұл болашақ адамның нұр өркені. Бұл тек ананың «Жатыр» («Қанас» деп те аталады) деп аталған Аумалы аймағына жайғасқан соң лезде «Қаған» деп атала бастайды. Қазақ, міне, осы күннен алғы қырық күнге дейінгі оның даму барысына «Қаған» деп ат қойған. Кейін де Тәңірім жарылқап өмірге келер тұсында оның жарық дүниеге жарып шығатын най пердесі де осы себепті «Қағанақ» аталып кетеді.
Келесі іштегі баланың қалыптасу мүсіні. Мүсіндену. Бұны қазақ «Ұлпан» деп атаған.
Ананың алтын құрсағында мамырлауды арман еткен Ұлпан «Тама» кезеңіне кірді. Бұл асыл анасының баланы көтергеніне үшінші айы. Ананың күнделікті қорегі Тәңірі бұйырып біршама мол бозжуа нәр Ұлпанға толассыз тама беруінен осылай атады ғой қазақ.
Шуақты бір ай өтті. Тама енді дөңгелене үлкейгісі келді. Бұл уақытын қазақ «Күре» деп атапты. Төртінші айы. Анығында, бұл құдіретті тектің Қаған, Ұлпан, Тама, Күре атанған кезеңдері бір үлкен қалыпта «Мезет» деп біртұтас аталыпты.
Көп өтпей күренің алақанына киелі нысандар жүгіріп ол қозғалады, өз пішінімен әрекет ете бастайды. Бұл шақта оның аяқ-қолы ұзара, жазылып кеп анасын таныды-ау ақыры, еркелік етпекші, бұл хикметті айы – «Дүрмән» аталынды. Дүрмән – ұлы мұрат.
Өзіне тиесілі оймақтай жайлауда қып-қысқа аспан алақандай, жер тебінгідей жайлауда аунап-қунап күн өткізген Дүрмән бір күні киелі жарлыққа сай ерекше ниғметтерді ұстай бастайды. Бұл тыңдағыш күндері.
Ол тыныш та қилы күндердің бекеттік ортасында үнсіз кезеп жүреді. Түрлі алтын шуақтарға сап етіп құйылып та жүрген шығар. Бұл жетінші айда оны қазақ «Шомен» деп таңбалады.
Ол жақта сырлы күңгір таудың жалынды тамызы жүр. Жіңішке талшыбықтай бұралған өмір. Бұл кезең қазақта «Құбан» деп аталған.
Бұлыңғыр пенделерге ғана аян жер бетінде қалқып тұрған жарық дүние оны көгілжім әлем болып шақырды. Ол әлем біздің бір бөлменің ғана ішіндегідей кішкентай һәм сұлу әлем еді. Оны ол кең деп таңғалды, құшағын ашқан көгілжірге ұзақ қызыға қарап, кейде танымал қоңыр алашқаны (қабырғаны) қиырлай келіп сүйкене әдемі боп отырады. Қазақ оны «Бұзым» атандырды.
Ол жаңа өмірдің жаршысы, аппақ сәулелерді уыстап кеп анасы тұрған Ағайраң әлемге жан-пәрменімен кірмекші. Міне, анада толғақ басталды. Баланың жарық дүниеде анамен, әкемен кездесуге деген әрекетті үміті «Толғақ» делінеді. Ал өзінің толғақ тудырған қимылы бар, ұшқыр кейіптегі тоғызыншы айдың соңғы 5-6 күніндегі қымбат атауы «Тағақ». Міне, қазақ оны осылай танып отыр. Жарық дүниемен бет көрісуге шейін ол «Тағақ» деліне бермекші.
Кей аналарымыз бұзымның дер шағын ескермей кетті, ондағысы түйенің албурынды етін тіске қажап, құрсаққа жүптеп өзгеше бір салқындау күндерді Бұзымға көрсетті. Бұл күн-айлар «Тарғалаң» деп аталады.
Ал бұлайша Бұзымды және өзін дер уақта сақтандырмай 12 ай бойы көтеріп боталайтын түйе етінен деген жұғыстығынан Бұзым да әлі құрып, ақыры тағы 3 ай шабыттана, шалқи өсетін шаққа ие боп бір аунап түседі. Қазақ тайпалары ұғымында 12 ай көтерген бала «Көрпеш» деп атаныпты.
дереккөз: adyrna.kz
Т. Есқали