Гүлге арналған гүлсауыт

Жиегі бедерлі қымбат гүлсауыттардың (вазалар) ішіндегі гүлдер көбіне еш елеусіз қалып жатады. Гүлге емес, гүлсауытқа қарап тұра беретіндер бар.

Дәл осы жағдайда, гүл өсімдігінің асқан сұлулығы мен аса керемет көрінісі үшін арнайы сұйыққойма (резервуар) жасалып отыр. Көзге көрінгісіз жаңа заттың арқасында гүлдің өңі әрқашан құлпырған реңкпен назарда болмақ. 

Жапондық “Oodesign” студиясының гүлсауыттары гүлдің тамыр соғысы, тіршілік-тынысынан хабар беріп тұрады. Сұйықтықтан сән алған аталған заттар жақында нарыққа шықпақ.

сурет:theoryandpractice.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек