- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Голливуд жұлдызы қыз...
Голливуд жұлдызы қыз бала тәрбиесі туралы сөз қозғады
Актриса және БҰҰ-ның ерікті елшісі Анджелина Джоли бұрынғы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керримен әйелдерге қатысты гуманитарлық мәселелер бойынша сөйлесті.
Әңгіме Elle журналының наурыз айындағы шығарылымында жарияланады. Сондай-ақ, актриса Халықаралық әйелдер күніне орай қыздар тәрбиесіне қатысты әңгіме қозғауды да жөн санады.
Анджелина сенаторға патриотизм, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы және өзінің 9 жастағы Вивьен, 11-дегі Шайло және мүшел жасқа жеткен Захара есімді қыздарының тәрбиесімен қалай айналысатыны туралы әңгімеледі.
«Мен қыздарыма адамды, ең алдымен, оның басқалар үшін не істегісі келетіні ерекшелендіреді деп айтамын. Кез келген адам қалаған көйлегін киіп өзінің тыныш өмірін сүре берсе болады. Бірақ, оның өзгенің қиындығына көз жұмып қарамай, көмек қолын созсам деген ниеті өзгелерден ажыратып тұруы тиіс. Сіздердің кім екеніңіз, не туралы ойланатыныңыз және өзгелер теңдігі жолында күрескендігіңіз өте маңызды. Өмірді өзгелерге қызмет етіп, қомқор болу жолында сарп етуге болады», - дейді атақты актриса.
Сондай-ақ, кино жұлдызы әйелдерге қатысты қылмыстар туралы ескірген идеяларды таратуды тоқтату керек екенін және осы орайда заңды өзгерістер енгізуге болатындығын атап өтті.
А. Оралқызы