Бала жаны тым нәзік, аса сезімтал келеді. Әрқашан назар аударуға, аялауға мұқтаж. Ата-ананың абайсызда айтқан сөздері бала жанына кірбің ұялатып, жүрегіне мұң тұндырады. Массагет оқырмандарына жапон жұртының балаға айтуға болмайтын сөздерін ұсынғалы отырмыз.
Жапон елі ұрпақ тәрбиесінің сыры неде екен?
Сен ұл (қыз) бала болып өмірге келсең, қандай жақсы болар еді?! Бұл сөздерді айтып, балалардың жыныстық айырмашылығына қарай мәміле жасау баланы жастайынан жасытып жібереді. Ойынды қойып, кітап оқы, сабағыңды қара. Ойын ойнау баланың табиғи қасиеті. Бала ойнау барысында көптеген заттарды танып, тәжірибеге ие болады. Мұндай сөздер баланың белсенділігіне ықпал жасайды. Сондықтан, ата-аналар өздерінің көзқарастарын балаға зорлап таңуға болмайды немесе ол сөздерді басқаша жолмен жеткізу керек. Әлі кішкентайсың, бұл жұмыс қолыңнан келмейді. Балалардың ақаусыз өсіп-жетілуін қорғау керек, бірақ, оны артықша жасау кері әсер жасайды. Кейде баланың жас шамасына қарай мәлім жұмыстарды өздерінің істеуіне дем беріп, ынталандырып отыру қажет. Сәтсіздікке ұшырауға болмайды. Кішкентай бала түгілі, үлкен адамдардың өзі әр уақытта сәтсіздік пен жеңіліске ұшырап отырады. Сондықтан, балаға артықша талап қойып, оның істеген әрбір жұмысынан табысты нәтиже күту қате болады. Ол баланың өсуіне кері әсерін жасайды. Ол істі қайталауыңа болмайды. Бала әрқашан балалығын істейді. Қате жасағанын немесе сәтсіз істеген жұмысын балаларының екінші қайтара жасауына жол бермеу қате көзқарас. Бұл балалардың тәжірибе жинап, сынақ жасап, өздерінің тәуелсіз ойлау қабілеттерін жетілдіруіне кедергі жасайды. «Үлкендердің шаруасына араласпай, ойыныңды ойна» деп дүрсе қоя беру. Балалар мен үлкен адамдар арасында шекара қалыптастырып, көңіліне қая түсіру баланың есейе келе әрқандай кезде қол қусырып қарап тұратын икемсіздігін келтіріп шығаруы мүмкін. Ол баламен ойнауыңа болмайды. Өз баласын басқалармен үнемі салыстыра сөйлеу оның ішкі әлемінде қорашсыну идеясын пайда қылуы мүмкіДайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: zharya.kazjur.kz, ayalyalakansko.kz