Бұл тек бір адамның пікірі. Бірақ, өмір қорытындысы болуы да ғажап емес. Сіз де пікір айтыңыз.
Ерлер әйелдерді мақтап тұруды теріс көрмейді. Бірақ, әсте өзінен жоғары тұруын қаламайды.
***
Ақылды әйел шын сүйген адамымен ереже-қағида сөйлеп, шырық бұзбайды. Өйткені, күйеуінің айтқан сөзі ол үшін жазылмаған заң.
***
Әйелдің жастық шағы ең қымбатты кезі, ал еркектің жастық шағы әлі жетілмегендіктің белгісі.
***
Әйелдердің еркектен күтер үміті зат бағасының жоғарылауынан да тез, ал ерлердің әйелдерге болған сезімі жарна билеті секілді алмағайып.
***
Әйелдердің ең жек көретіні күйеуінің үйге қайтпай, көп уақытын сыртта өткізетіні. Ал бұдан да жаманы – күйеуі үйде болса да, көңілінің сыртта болуы.
***
Бір көріп сүйіп қалудан сақтан, өйткені тойдан кейін сен оны күнде көріп тұрасың ғой.
***
Әйелдер ерлерге мұң-мұқтажын айтуға, шерін тарқатуға әуес. Ал еркектер әйелдерге жеткен табысымен, мал-дүниесімен мақтануға әуес.
***
Ерлер әйелінің өткен күндеріндегі махаббат тағдырының болмауын қалайды. Ал әйелдер күйеуінің көпті көрген адам болғанын қалайды. Себебі, ерлер әйелдердің өткен өмірімен, ал әйелдер еркектердің болашағымен ғана санасады.
***
Ерлер қалай өмір сүру, қалай жан бағу үшін көп ойланады. Ал әйелдер қалай жасару, қалай адемі болу үшін ойланады.
***
Ерлер әйелдерге көзі арқылы ғана назар салатындықтан, лезде сұлулықтың құлына айналады. Ал әйелдер ерлерге көңілі арқылы назар салатындықтан, лезде сезімнің құлына айналады.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: 6188.com