- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Ер мен әйелдің...
Ер мен әйелдің міндеті
Отбасында әйел адам мен ер адамның балаларға қарау, үй тазалау, тамақ жасау, жұмыс істеу, отбасын асырау секілді өзіндік міндеттері бар. Алайда олардың бір-бірінің алдындағы міндеттері де назардан тыс қалмауы қажет.
Әйел адамның еріне деген махаббаты барлығынан да биік тұрады. Ол тіпті өзі өмірге әкелген сәбилеріне қарағанда, азаматын артығырақ сүйеді. Осылай күйеуінің бойына күш-қуат дарытып, махаббатымен сусындатып отырады.
Әйел махаббатын ешкімге сездірмей, тек іште сақтайды, тіпті кейде өз сүйгеніне де айта берудің қажеті болмайды. Күйеуіне «мені сүйсең ғана...» деген секілді талаптар қоймайды.
Әйел бұрынғыдай жалғыз өзі үшін емес, ері, баласы үшін де өмір сүреді. Бойына жиналған негатив отбасы мүшелеріне де берілетін болғандықтан енді барынша жамандыққа жол бермеуге тырысады.
Әйел ерінің барлық кемшіліген көз жұма қарайды. Осылай ғана ол өзінің де бағасын арттырып, отбасын сақтап, өзін де, азаматын да кез келген тығырықтан аман алып шығады.
Ер адам әйеліне әкесіндей болса одан асқан шарапат жоқ. Әке қызының барлық қателігін кешіреді, тәрбиелейді,талап етеді, бірақ не істесе де одан ешқашан бас тартпайды.
Ері зайыбы түсінбеген кез келген нәрсені егжей-тегжейлі түсіндіреді. Өз пікірін сақтайды.
Әйел шын сүйсе азаматының мақтауына, қолдауына мұқтаждық етеді. Сондықтан еркек оның жақсы қасиеттерін көбейтіп, жаман қасиеттерін азайту үшін орнын тауып мақтап, әр ісін бағалап отырады.
Еркек әйелінің күйгелектігін басып, қорқынышын сейілтіп, бәсең дауыспен тыныштандырып отырады.
Әйелдің логикасы еркектікіне қарағанда әлсіз. Сол себепті ерінің кесіп-пішіп берген нәрсесін тез мойындайды. Әйел азаматы ойын жеткізіп болғанша сөзін бөлмей мұқият тыңдайды.
Шын сүйген әйел еріне шынайы бас иіп, қызмет етеді, оның ризашылығына бөленеді. Сондықтан әйелге ақырып-шақырып бұйрық берудің де қажеті шамалы, оны өзі біліп, шын жүрегімен орындайды.
Өзін ерінен ақылды етіп көрсеткісі келетін әйел ешқашан ақылды бола алмайды. Еркек ілім-білімді біреуден емес, өздігінен іздеп табады.
@. @assel_assanova