Еркекке еркелік жараспайды. Еркелік дегеніміз өзімсініп біреуге салмақ салу. Өнер адамдары ел аралап,өз өнерінің құдіретімен елді сусындатады, құрметкебөленеді. Соның бодауындай елге салмақ салады. Бұғанхалық ежелден үйренген. Кезінде сал серілер, айтыскерақындар, шешендер ел аралағанда осылай еркелепқұрметке, сый-сияпатқа бөленіп қайтады. Бұл дәстүрәлі күнге дейін жоғалған жоқ. Ер адамның туған туысқандарына, жақындарынаеркелеуі, боямасыз мінезін көрсетуі, артық ауыз сөздергебаруын өздері еркелік деп түсіндіреді. Бәлкім бұл солайда болуы ықтимал. Еркелік оның еркелігін көтеретін,түсінетін жерде ғана еркелік.Ал басқа жерде ол дөрекілік ретіңде қабылданыпжатады. Ал соқталдай еркектің өз отбасына еркелікжасауы, яғни неше түрлі мінез көрсетуі, еңбек істемейжатып алуы масылдыққа айналып кетеді. Мынаныесте ұстаған жөн. Еркеліктің еңбектен ауылы алыс.Сондықтан еркелік ер азаматқа жараспайды. Ал әйелге ше? Әрине. Әйелдің еркелігі жарасымды болса, жанныңрахаты. Әйел адам негізінен ер азаматына еркелейді.Сүйкімді қылығымен, жұмсақ мінезімен, жұбайыныңкөңілін аулап еркелесе, бұл жарасымды. Әдетте еркеліконы көтеретін жан болса ғана орынды. Еркеліктіңөзінің шегі болады. Тым еркінсіп, болмасты болдыртуғатырысатын, жоқ нәрсені сұрайтын еркелік шолжаңдыққа айналып кетеді. Әйелдің еркелігі отбасының жарасымдылығынжарқыратады. Екі жақтың да көңілін аспан датады.Осы еркелігі арқылы азаматына арқай сүйейтіндігін,оны асқар тау көретіндігін аңғартады. Өзінің біреуарқа сүйейтін азамат екендігін сезіну ер адамға күш-жігер береді, қанаттандырады. Сондықтан күйеуімдібасындырмаймын деп қажетсіз күреспен айналысқаншаеркекті еркелеп-ақ жеңудің жолдарын білген жөн. дереккөз:islam.kz