Дәстүр бойынша, ер адам өз сыңарынан үлкен болуы керек деген пікір қалыптасқан. «Махаббат жасқа қарамайды» деп айтылып жүрген сөздің шын-өтірігін анықтап көрелік...
Ал «білгіш» ғалымдардың айтуынша, егер қыз бала жігіттен үлкен болса тіптен жақсы болады екен. Өз кезегінде консервативті ой-идеяны ұстанған адамдар мұнымен келісе ме екен? Расында да, махаббат жеке куәліктегі сандарға тәуелді ме?
Сонымен, егер қыздың жасы үлкен болса...
Қыз баланың талғамы жоғарылай түспек. Оның қашан да ағы алғыс, қарасы қарғыс. «Бір бас жақсы, екі бас одан да жақсы» деген мәтелді дәл осы кезде еске түсіруіміз керек. Себебі дәстүрлі жас аралығындағы жұптарда бір ғана адам шешім қабылдап, жалғыз өзі әрекет етеді. Ал ақылы толысқан қыз жігітпен тең деңгейде мәселенің байыбына бара алмақ. Бір деп қойыңыз... Мұндай жағдайда ер адам өзін тез әрі оңай қалыптастыра алу мүмкіндігіне ие болады. Қыздардың ерлерге қарағанда тез жетілетінін білсек, өзінен үлкен қызбен бірге ер адамның рухани тұрақтылығы мен моральды төзімділігіне оң әсер ететіні де өтірік емес. Барлық ер адамда анадан, әжеден, әпкеден, кейін тәрбиешіден, мұғалімнен берілген тәрбие ұшқыны бар. Сондықтан да, санасында әр ер адам қыз баланың рөлін жоғары қояды, ал жасы үлкен болса, тіптен ара-қатынас тығыз болады деген сенім пайда болады. Дәлелденгендей, қыз балада жылдар өткен соң ғана ақыл-ес тұрақталады. Ал оған дейін қыз баланың көңілі қашанда қызылда. Мұндай жағдайда қыз бала тазалыққа, тәртіпке, шынайылыққа жауапкершілікпен қарай бастайды. Қыз баланың махаббаты да жыл өткен сайын беки түседі. Шешенің сүйікті қызы деген статустан ана болу жасына өту кезеңі де айтарымызды нақтылай түспек.Сондықтан да, махаббатқа шек қою, түрлі факторлардан құралған канон, қалыптасқан дәстүр деген секілді ойдың қате екенін түсіну керек. Сонда ғана, бақытты әрі ұзақ өмір кілті қолыңызға тимек.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: vk.com