- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Егде тартқан әйелдің...
Егде тартқан әйелдің жас қыздан айырмашылығы
Егде тартқан әйелдің жас қыздан айырмасы – ол барды бар күйінде қабылдай біледі. Барлығын естиді, көреді, біледі, бірақ ештеңе істемейді. Естісе де естімегендей болады, өзгелер өзін сөз қылып жатса да үндемейді, тек іштен тынады.
Ол өзгелерді өзгертуге тырыспайды, ештеңені түзеткісі келмейді. Күресуден пайда жоқ екенін біліп, беріле салады. Күйеуі, балалары, кім болса да бар болмысымен қабылдайды. Басқалардың кемшілігіне көз жұма қарап, өзі қиналып жүргенін де білдірмейді. Қабырғаға сүйеніп тұрып, оның берік екеніне көзі жетеді.
Көпті көрген әйел жас қызға қарағанда көп күйзеледі. Өзінің сүйікті жандары, жақындары жанында болса да біраз нәрсе қолынан келмейтінініне жаны қиналады. Махаббат жетіспегенінен емес, басқалар бәрібір өз ойындағыдай болмайтынына қынжылады. Өзгелер ойын құптамайтынына, оған өкпелеуіне, ренжітуіне төзе түседі. Өзінің сүйікті адамы екеуінің арасындағы әр сантиметрге ризашылық білдіреді.
Көпті көрген әйел біраз нәрседен қуаныш көріп, кез келген жағдайдан бақыт табуға тырысады. Басқа амалы жоқтығынан емес, әр нәрсені өзіне қарай бағыттай білуге шығармашылық күші жетуінен.
Ол қайғыны көтере біледі, ары қарай көбейтпейді, іздемейді. Өзінің жүріп өткен жолын, әр тәжірибесін қадірлей алады.
Аглая Датешидзе
Аударған: Әсел Асанова