- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Душқа сирек түсу...
Душқа сирек түсу қауіпті
Фото:
productivityhub.org
"Күн сайын душ қабылдаудан бас тарту салдарынан тері аурулары пайда болуы мүмкін. Жиі шомылмайтындарды безеу, дерматит, псориаз мазалайды", – дейді дәрігер Эмеки Окороча.
Dr Yalda Clinics косметологы Ялда Джамалдың айтуынша, тері ағзаны күн сәулесінен қорғап, температураны реттейді. "Егер адам күн сайын душқа түспесе, тер, өлі жасушалар мен кірдің бәрі осы функцияларды бұзады", - деді ол. Маман сирек шомылған кезде жағымсыз иіс пайда болатынын ескертті. Өйткені бактериялар пайда болады.
Ал Health & Aesthetics клиникасының дәрігері Рекха Тейлор кешке жуынған дұрыс деп отыр. Себебі ұйықтаған кезде тері қалпына келеді. Оның пікірінше, бұл терідегі ұсақ тесіктердің бітелуінен, безеу шығуынан қорғайды.
Дереккөз: Sputnik
Н. Үсенова