Балаларымыздың жақсы жетіліп, уақытында дұрыс өсуі бәріміз үшін де аса маңызды. Тұқымымыз майдаланып барады деп көп айтамыз, оның себебіне үңіліп көрдік пе? Әртүрлі гаджеттен бас алмай, күні мен түнін ауыстырып алған балалардың физикалық жетілмеу себебі анықталды.
Ұйқы кезінде сәбидің өсу гормоны (соматропты гормон) бөлінеді. Себебі, бала ояу кезінде куә болған, көріп, сезінген құбылыстарды санасына сіңіріп, ұғыну үшін көп энергия жұмсайды. Осы жұмсалған энергия мен күшін қалпына келтіру үшін тек ұйқы ғана көмектеседі.
Сәбилерге тыныш ұйқы сыйлау өз алдына бөлек әңгіме, ал оларды ұйқыға сағат нешеде жатқызу керек? Бәрінен осы маңызды. Өсу гормоны 5 жасқа дейін дамиды. Гормондардың жеткіліксіз болуы салдарынан балаларда өсу белсенділігі төмендейді. Гипофиз безінен бөлінетін гормон балаларда ұйқы кезінде жетіледі екен.
Ұйқыға енді бас қойғанда, баланың қоршаған ортамен байланысы үзіліп, түсінде ештеңе көрмей ұйықтаса, күні бойы жұмсаған энергиясын толтырып, тәні де тынығады. Баланың өсу гормоны да осы мезгілде қарқынды қорек алады. Оның ұйқысы қараңғы әрі тыныш жерде жалғасуы керек дейді мамандар. Себебі қараңғыда мелатонин гормоны жетіледі екен. Мелатонин гормоны жайлы ұйқыға себеп болып, гипофиз безі өсу гормондарымен толығады.
Алғашқы айларда қарны ашып, ұйқысы жиі бұзылатын сәби, кейіннен осы дағдысынан өзгеріп, түні бойы терең ұйқыда болады. Осы үшін сәбиіңіздің терең де жайлы жерде ұйықтауына ерекше мән беру керек. Баланы сағат қаншада ұйықтатып үйрету керек дегенде мамандар 2 жасқа дейінгі балаларды кешкі 8-де, 6 жасқа дейінгі балаларды 10-да ұйықтату керек екенін ескертеді.
Баланың екі жасынан бастап ата-анасынан бөлек әрі ерте ұйықтауы керек деген қағиданы ұстанбақ болсақ та, қазіргі отбасылар үшін бұл тек сөзде бар, қолданыста жоқ ереже. Себебі жас отбасылардың ғана жас сәбилері болатыны белгілі. Бүгінде жас отбасыларымыздың әлеуметтік жағдайларының қандай екені айтпаса да түсінікті.
Дерек көзі: kazakhstanzaman.kz