Дүниені тебіренткен ана мен бала суреттерінің тарихы

Бұл бақытқа шомған ана мен бала суреттері жеке-жеке 1964 жылы Данияда, 1963 жылы Кеңес одағында түсірілген. Англия "Today Post" газетінің хабарлауынша, даңқты фотограф Кин Химан 50 жылдарда бір топ ата-ананың суреттерін түсірген. Дүниенің әр түкпіріндегі анасы мен баласының мәз-мейрам ойнап жүрген, күліп жүрген, құшақтасып тұрған көріністерін түсіріп, бүкіл әлемді тебіренткен еді. Бұл суреттердің айтатыны мәңгілік бір тақырып қана, ол - "ана махаббатының шет-шекарасы болмайды!".

1964 жыл. Дания. Жуынып жатқан анасы мен баласы. Сәби аяғын анасының аузына салып, енді не боларын күтіп, қызықтап тұр.

Чехословакия. Ана өз үйінің бақшасында тәтті ұйқыға кеткен. Сәбидің оянып алып, анасына қарап жатқан сәті.

Сол жақтағы сурет 1970 жылы Ганада түсірілген. Қызы анасының жаулығын байлап беріп жатыр. Оң жақтағы сурет 1964 жылы Ганада түсірілген. Ана құшағында алаңсыз ұйықтап жатқан сәби бала.

Суреттің түсірілген уақыты белгісіз. АҚШ-тық отбасындағы кешкі ас.

Сол жақтағы сурет 1982 жылы Маракеште түсірілген, баласын қатты қысып құшақтап тұрған ана. Оң жақтағы сурет 1974 жылы Египетте түсірілген, баласын бауырына басып тұрған ана.

Сол жақтағы сурет 1963 жылы Кеңес одағында түсірілген. Анасы қызының шашын өріп беріп тұр. Оң жақтағы сурет Францияда түсірілген, ұлын бауырына басқан ана.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: tencent.com