Ғалымдарды толғандырған сауалдардың бірі де бірегейі «дарынды балалар жылдың қай мезгілінде және қай күндері дүниеге көп келеді?» деген сауал. Осы бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан оқымыстылар күні кеше қызықты деректі жария етті.
Орталық аэрогидрология институтының ғалымдары әр кезеңдерде өмір сүрген шамамен 750 атақты адамның биографиясын зерттеп, дарындылардың қай күні дүниеге жиі келетіндіктерін жүйелеп берді, деп жазады Айқын газеті.
Зерттеулер көрсеткендей, дарындылардың дүниеге келуіне қолайлы сәт сейсенбінің бірінші жартысы, сәрсенбі мен сенбінің екінші жартысы екен. Мәселен сейсенбінің екінші жартысында Айвазовский, Байрон, Гагарин, Моцарт, Рахманинов, Лев Толстой, Чарли Чаплин секілді талантты адамдар өмірге келген. Сәрсенбі күні түске дейін Бальзак, Куприн, Екатерина II, Петр I, Маяковский, Ницше тағы басқалар дүние есігін ашқан. Сонымен қатар ғалымдардың айтуынша, дарындылар көп туатын ай – ақпан.
Кейбір сарапшылар мұны күннің белсенділігімен түсіндіреді. Өйткені ол адамның интеллектуалды деңгейіне әсер етеді екен.