Былғары күрте жұмсару үшін ол біраз "киілуі" керек. Бірақ ол уақытты қажет етеді. Ал қатты былғарыны кию көп жағдайда ыңғайсыздық туғызады. Ендеше, былғары күрткені жұмсартудың әдісін ұсынамыз.
Адамның терісі құрғақ болса, оған лосьон немесе крем жаққанда жұмсақ бола түседі. Сол секілді былғары бұйымдар да күтімді қажет етеді.
Микрофибрадан жасалған сүлгі арқылы былғары күрткеге арнайы кондиционер жағыңыз. Мұндай кондиционер кез келген дүкенде сатылады. Ол былғарыны ылғалдандырады және жұмсартады.
Жақсы нәтиже болу үшін кондиционерді былғарыға сүлгімен ысқылай жағып шығыңыз. Былғары қаншалықты көбірек ылғалдандырылса, нәтиже соншалықты жақсы бола түседі.
Былғарыға кондиционер толықтай жағылған кезде феннің орташа қуаттылығымен қыздырыңыз. Қуаты реттелмейтін фен алмаңыз, ол былғарыны қатты қыздырып жіберіп, күрткені бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Бізге кондиционер күрткеге жақсылап сіңуі үшін аздап қыздырылғаны ғана керек. Сондықтан феннің орташа қуатта болғаны және оның 15 см қашықтықты тұрғаны қажет. Фенмен бір орынды ғана қыздырып тұрмаңыз, күркенің барлық жері қызуы үшін оны әрі-бері қозғаңыз.
Соңынан микрофибрадан жасалған таза сүлгіні алып, күрткенің үстін бір сүртіп шығыңыз. Сол кезде күрткеңіз жылтырап шығады.
Егер былғары киімді жиі кисеңіз және оның күтімді көрінгенін қаласаңыз, әрдайым арнайы құралдар сатып алмай-ақ, үйде кездесетін заттарды қолдануға болады. Мысалы:
Майсана майы. Майсана майы – кез келген дәріханадан табылатын арзан өнім. Оның былғарыға еш зияны жоқ. Бірақ оны ашық түсті былғарыға қолдану ұсынылмайды. Таза дәкемен майсана майын былғары киімге жағып шығыңыз. Май сіңу үшін киімді біраз уақытқа іліп қойыңыз.
Вазелин. Вазелин – ең әмбебап құралдың бірі. Оны былғары киімге күтім жасауға да қолдануға болады. Вазелинді былғары киімге жеткілікті ылғалданғанша жағып шығыңыз.
Аяқ киімге арналған крем. Аяқ киімге арналған түссіз кремді былғары киімге де қолдануға болады.
Жұмыртқаның ағы. Егер қол астында жоғарыда айтылғандардың ешбіреуі болмаса, жұмыртқаның ағын қолдануға болады. Ол үшін жұмыртқаның ағын сарысынан бөліп алыңыз. Оны миксермен көбіктенгенше соғыңыз. Содан соң оны дәкемен күрткеге жағыңыз. Киіміңізді ілген кезде одан жаққан сұйықтықтың еденге ағуы мүмкін екенін ескеріңіз. 4 сағат өткен соң күрткені таза дәкемен сүртіп, толықтай кепкенше іліп қойыңыз.
Ескерту: Былғарыға қандай да бір процедура жасарда алдымен оны кішкентай бір бөлігіне тексеріп көріңіз. Сол арқылы киіміңізді күтпеген жағымсыздықтардан құтқара аласыз.