Митохондриальды аурулардың алдын алатын экстракорпоральды ұрықтандыру әдісі үш адамның ДНҚ-сын қажет етеді.
Таяуда Ұлыбритания әлемдегі ең бірінші үш ата-аналы (бала үшеуінен туылады) ел атануға алғашқы қадамын жасады. Жаңа әдіс митохондриальды ауруларды мүлде болдырмауға септескенмен, екінші жағынан этикалық қиын сұрақтарды тудырып отыр.
Бүгінгі таңда британдық балалардың әр алты мыңыншысы митохондриальдық бұзылу белгісімен туылатын көрінеді. Оның салдарынан жүрек, бауыр ауруы, тыныс алу жолдары мен бұлшық ет дистрофиясы туындауы мүмкін.
Митохондриальды ауру балаға анадан беріледі. Болашақ нәрестені қатердің осы бір түрінен құтқару үшін аналық жасушадан митохондриальды ДНҚ алынып, оның орнына донорлық материалмен толықтыралады екен.
Сонымен, болашақ нәрестенің ДНҚ-сы әкенің, ананың, донордың генетикалық материалынан түзіледі. Бұл дегеніміз, бір баланың үш ата-анасы болады деген сөз. Әрине, бұл тұста баланың мінез-құлқы өз ата-анасынан келеді десек те, бәрібір де жаңа әдіске байланысты этикалық сұрақтарға тосқауыл бола алмайды.
Қауіпшіл жандардың күдігінше, аталған әдістің жүзеге асуы - «гибридті» балаларға жол салудың арты келешек ұрпаққа адам айтқысыз зардап тигізбек.
Ұлыбритания үкіметі осы жылы кеңес құрып, ендігі жылы тиісінше заң жобасын жүзеге асырып көрмек.
сурет:edition.cnn.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек