Джинс маталары өзге матаралға қарағанда әлдеқайда қатты. Сол себепті, оған тиген дақ тез кете қоймайды. Дақты кір сабынмен жуу аздық етеді. Сол сәтте мына кеңестер кір сабынға көмекке келеді.
Шашқа арналған бояуды кетіру
Егер джинсыңызды шаш бояуымен бүлдіріп алсаңыз, дақ тиген жерді жаймен сулап, оның үстіне 4-5 тамшы глицерин тамызыңыз. Одан кейін ыдыс жуғышпен (губка) ысқылаңыз. 5% натрий хлоридін 3 тамшы сірке суымен араластырып сүртіңіз немесе 10% аммиак ерітіндісімен сүртіңіз. Осыдан кейін джинсты жууға болады.
Майлы бояуды кетіру
Бұл үшін майлы бояу тиген жерді ыдыс жууға арналған сұйықтықпен не сабынның қою ерітіндісімен сүрту керек. Сұйықтықты бояудың көлеміне қарай жағыңыз. Бояуды маймен сұйылтады, демек, джинске тиген майлы бояуды май кетіре алады. Бұл үшін мақтаны майға батырып дақ тиген жерді сүртіңіз, қажет болса, мақтаны тағы да майға батырып сүртіңіз. Одан кейін майды кетіру үшін кір жуғаш ұнтақпен жуыңыз. Шама келсе, майлы бояу джиске тиген бойда сүртіп тастауға тырысыңыз.
Сабынның қою ерітіндісін дайындау қиын емес. Бұл үшін ыстық суға кір жуғыш ұнтақты не сұйық сабынды қосыңыз. 2 ас қасық сірке суын тамызсаңыз, сабын ерітіндісі дайын болады.
Суда ерігіш әк
Джинске суда ерігіш әк бояуы тисе, қарапайым кір жуғыш ұнтақпен жууға болады. Ең алдымен, матаны бензинмен немесе керосинмен сүртіп алыңыз, кейін дақ кетіргіш сұйықтықпен жуыңыз. Егер джинс ақ түсті болса, тиген дақты бензинмен емес, ацетонмен сүртіңіз. Мұндайда дақ кетіретін сұйықтық — таптырмас құрал. Сары май мен кір жуғыш ұнтақты араластырып, дақ тиген жерге жағып, 10 минут қойыңыз, кейін сабындап жусаңыз, бояу тез кетеді.
Акрильді бояу
Бұл бояу судың қосындысы арқылы жасалатын болғандықтан, оны кетіру әсте оңай. Егер ол кеуіп кетсе, кепкен акрильді бояуды кетіру қиындау. Сол себепті, дереу суық сумен жуып тастаңыз. Егер дақ кетпей жатса, лак кетіретін сұйықтықпен сүртіңіз. Дақтың бәрін кетірген соң, кір жуғыш ұнтақпен жуса болады.
Сабын ерітіндісін дайындау да оңай. Бұл үшін ыстық суға кір жуғыш ұнтақты не сұйық сабынды қосыңыз. 2 ас қасық сірке суын тамызсаңыз, сабын ерітіндісі дайын болады.