Бөлмеңізден хош иістің шығып тұрғанын қаласаңыз

Бөлменің ішін жағымды иіске толтыруды ұсынамын. Барлығы да өте оңай!

1. Саңылаусыз банкінің ішіне лалагүл, раушан және өзге де гүлдердің жапырақшаларын салып, майда тұз себіңіз.

2. Артынша тағы бір қабат гүл салып, тұз себіңіз.

3. Банкіні осылайша толтырған соң 4 ас қасық спирт немесе арақ қосыңыз.

4. Бөлме ішінде хош иістің болғанын қалаған сайын банкіні бірнеше минутқа ашып қойыңыз.

Мұнымен қатар, өзіңізге ұнайтын иісті пайдаланып, иіс шығаратын түйіршіктер жасауыңызға болады. Олардың көмегімен көңіл күйді оңай көтересіз.

Ол үшін бізге:

- жарты стақан тұз;

- жарты стақан ұн;

- ас бояғышы;

- жылы су;

- 1 шәй қасық өсімдік майы;

- сүйікті хош иісіңіздің 20 тамшы эфир майы қажет.

Дайындалуы:

1. Ыдыстың ішіне тұз бен ұнды салып араластырыңыз. Бояғыш пен өсімдік майын суға құйыңыз. Артынша барлығын қамыр секілді илеңіз.

2. Иленген қамырдан кішкене шарлар жасаңыз.

3. Бөлмеңізді хош иіске бөлейтін шарлар дайын! Егер иісінің шықпай тұрғанын байқасаңыз, эфир майын тамызыңыз.

Сурет: rumbur.ru