Біз әдетте бөлме гүлдеріне жай ғана әсемдік беретін өсімдік ретінде қараймыз. Алайда жаны бар, өмір сүретін тіршілік иесі болғандықтан, олардың адам сияқты сезім мүшелері болады екен.
Ұлыбританиялық биолог мамандар гүлдерде де адам сияқты иіс сезу, дәм сезу, көру қабілеті жетілгенін дәлелдеген. Олардың тұжырымы бойынша, бөлме өсімдіктерінің көзі – ақуыздар (оған электр күші әсер етеді), аузы – тамыры, ондағы дәм сезу ферменттері арқылы топырақтан нәр алады. Өсімдіктердің «миы» да тамырында орналасқан делінеді, ол жүректің сіңірі сияқты жұмылып, ашылып тұрады деген дәлел бар.
Бөлме гүлдерімен адам сияқты сөйлесіп, оларға әңгіме айтып, махаббатпен қарайтын адамдарды келекелеп күлудің қажеті жоқ. Керісінше, өзіміз де тіршілік иелерімен тілдесіп, бойдағы зиянды күштерден арылып, гүлдерден жақсы энергия алуға тырысайық.
Гүл мен иесінің арасында да көзге көрінбейтін сымсыз байланыс бар. Олар бір бірінің көңіл күйіне, тіпті денсаулығына да әсер етеді. Иесінің көңіл күйі болмай не ауырып қалса, гүлі де солып, дұрыс өспей қалатынын күнделікті өмірде көріп, куә боп жүрген болармыз.
Тағы бір қызық дерек, бөлме өсімдіктеріне әуен де әсер етеді. Тіпті, әр өсімдік әртүрлі әуенді қалайды екен. Мысалы, цикламендер – джазды, мимоза мен сүмбілшаштар – Чайковскийдың шығармашылығын, флокс пен табак Вагнердің операсын ұнатады.
Гүл бөлмеге эстетикалық ләззат, сұлулық қана сыйлап қоймай, жағымды энергия таратып, көтеріңкі көңіл күй сыйлайтындықтан тек үйде ғана емес, оқу орындарында, кеңседе, басқа да жерлерде өсірген пайдалы.