Үйде пальма өсіру — әрбір гүлбаптаушы армандарының бірі. Мұндай өсімдік табиғаты керемет тропикалық мемлекеттерді еске түсіреді. Пәтеріңізге «драцена» атты бөлме гүлін әкеліңіз. Ол шағын пальмаға өте ұқсайды, сондықтан адамдарға жағымды атмосфера сыйлайды.
Драцена гүлі туралы жалпы мағлұмат
Драцена Африкадан шыққан тропикалық өсімдік. Ол «Агавовые» тұқымдастығына жатады. «Dracaena» атауы «ұрғашы айдаһар» деп аударылады. Оның мәңгі жасыл бұтасы тік сабақ жапырақтарының гүлөрнектерімен сипатталады. Өсу кезінде оның тармағы қатаяды және діңгекке айналады. Драценаның вегетативтік ағзалары жасыл түске боялған және ұзын пішінге ие. Өсімдіктің ұзындығы да кіші емес. Оның жасына қарай 10 сантиметрден 3 метрге дейін өзгереді. Бұл өсімдік гүлдемейді, алайда иесін әдемі жасыл жапырақтарымен қуантады. Драценаға дұрыс күтім жасағанда оның өмір сүру уақыты кем дегенде 5 жылға жетеді, ал оның шегі 15 жылға дейін барады. Бұл жерде оның қай түрге жататынына да байланысты. Драценаны бұрыннан үйде өсіре бастаған. Себебі, ол иесінен аса ерекше күтімді қажет етпейді.
Драценаның будандастыру әдісімен алынған көптеген түрлері бар. Олардың кең таралған түрлеріне мыналар жатады:
– Голдена драценасы Батыс Африкадан шыққан. Оның жіңішке және жуан сабақты түрлері болады. Жапырақтары ұзын әрі үшкір, онда қою жасыл көлденең жолақтары бар. Ол тек жылы жерде өседі.
– Деременсис драценасы — қою жасыл түсті, жалпақ әрі ұзын жапырақты, ағашқа ұқсас сабағы бар ірі өсімдік. Жапырақтары ақ немесе сары жолақтармен безендірілген. Оның репродуктивті ағзалары алқызыл реңкті және жағымсыз иісі бар.
– Хош иісті драценаның жапырақты иіліп және салбырап өседі, Жапырағының ұзындығы максимум 6 метрге дейін барады. Сары гүлдерінен шығатын хош иіс бөлмені алып тұрады. Үй жағдайында өте сирек гүлдейді.
– Бүктеулі драценаның ашық жасыл жапырақтарында сары жолақтар бар. Оның сабағы өте әлсіз.
Драценаны үй жағдайында өсіру шарттары
Жарық. Тропикалық өсімдік күн сәулесі тіке түскенде өзін жақсы сезінбейді. Драценаны терезенің алдына қойсаңыз, батыс пен шығысқа бағыт жасай отырып қою керек.
Жылу. Жазда драценаға қолайлы температура 20-25 °C, ал қыста 15 °C құрайды. Егер драценаға жел соқса, ол өліп қалады.
Ауа ылғалдылығы. Драценаның барлық түрі дерлік су шашуды қажет етеді. Жылдың қай уақыты болмасын, су шашып тұрыңыз. Драценаны душтың астына жуып, жапырақтарын ылғал дәкемен сүртіп тұру керек.
Топырақ пен ыдыс. Драценаны отырғызатын ыдысты оның көлеміне қарай таңдаған жөн. Ыдыс драценаға үлкен де тар да болмауы керек. Топырақты драценаға арналған арнайы тыңайтқышпен араласқан түрін сатып алған дұрыс.
Жалғасы бар