Үйде ағаш өсіру мәдениеті сәнге айналуда. Үй жадайында өсірілетін ағаштардың бірі — бонсай. Ағашқа ұқсайтын фикус секілді өсімдікке қарағанда, бонсай жасанды ортада өсетін нағыз ағаш. Бонсай өсіру — шығыс мәдениетінің бір түрі. Бұрын оны өсіру тек жапон білгірлерінің қолынан ғана келетін, ал қазір мұндай біріктіру әдісі әркімге қолжетімді.
Басы
Үй жағдайында бонсайға күтім жасау
Шағын ағаш суару режиміне және сапасына талғампаз болып келеді. Бонсай топырағын жиі ылғалдандырып тұру керек болады. Қыс мезгіліне қарағанда жазда әлсін-әлсін суаруды қажет етеді. Ылғал топырақтың түбіне дейін жеткенін қадағалау керек. Егер ылғал түбіне дейін жетпесе, біраз уақыт өткен соң қайтадан суару ұсынылады.
Өсімдікті айына 1 рет тыңайту қажет. Өсімдік топырағын құнарландыру үшін бөлме гүлдеріне арналған қарапайым минералды тыңайтқыштарды қолданады. Бонсай жаз мезгілінде тыңайтуды қажет етеді, ал қыста бұл процедура тоқтатылады. Бонсайды тыңайтудың екі әдісі қолданылады. Біріншісі, бонсай топырағын концентрат ерітілген сумен суарады. Екіншісі, бонсай түпқоймасын минералды ерітіндіге салады.
Бонсайдың тамырлары домалақ түзе бастағанда өсімдікті қайта отырғызады. Қайта отырғызуды көктемде жасаған жөн. Ол үшін өсімдікті ыдыстан алып, тамырын кесіп, сол ыдысқа немесе одан сәл үлкендеу ыдысқа қайта отырғызу қажет. Топырақты міндетті түрде жаңасына ауыстырыңыз.
Өсімдіктің тамырын кесуден басқа жас тармақтарды кесу де маңызды рөл атқарады. Жас тармақтарды кесу уақытылы жүргізіліп тұру керек. Ол өсімдіктің шағын әрі әдемі көрінуіне көмектеседі.
Бонсай өсіруде кездесетін қиындықтар
Ең ұқыпты күтімнің өзі ағашыңызды зиянды жәндіктерден (өсімдік биті, өрмек кене, аққанат, бітелер) қорғай алмайды. Егер сіз өсімдігіңізбен осындай жағдайға ұшырасаңыз, оны жәндіктерден тазартыңыз. Егер өсімдік қатты зақымдалған болса, жәндікжойғымен (инсектицид) өңдеңіз. Бонсайдың дұрыс өспеуіне жарық жетіспеушілігі тікелей әсер етеді.