- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Болашағы жоқ қарым-қатынастың...
Болашағы жоқ қарым-қатынастың белгілері
Қазір қоғамда ажырасу мәселесі жиі кездеседі. Бір-бірін түсінбей, сөзге келіспей қалған ерлі-зайыпты көп ойланбастан ажырасуға бел буады. Мұның алдын алу үшін үйленбей тұрып, қарым-қатынастың болашағы бар-жоғын анықтап алулары керек. Ол үшін төмендегі төрт белгіге назар аударып, салыстырыңыз:
1. Сынап, мінеу әдеті
Арыздану, наразылық кез келген қарым-қатынаста болатыны анық. Алайда сынап, мінеу мүлде басқа түсініктер. Бұл дегеніміз адамның әрекетін емес, өзін айыптап, жазғыру. Қоқысты шығаруды, жаңа шам сатып алуды ұмытып кетсе, оны айыптап, мазасын алу әдеті көп әйелге тән. Дәл осы қасиет екеуара қарым-қатынасты бұзады.
2. Сескену, жек көру
Күйеуі не әйелі жұрттың көзінше мінеп, ауыр сөз айтып, мысқылдайтын кездер болады. Бұл екінші адамға ауыр тиеді. Себебі жан жарының жұрт алдында өзін сыйламайтынын көрсетуі кімге болсын ауыр тиеді.
3. Сөз қайтару
Өзіңнің қателігіңді біле тұра, мойындамау – үлкен ұрыстың бастауы екені бәрімізге мәлім. «Мен емес, сен кінәлісің, сен осының бәрін бастадың!» сынды сөздермен ұрыста жеңсеңіз де, араларыңыздың сууына әсер етеді. Қателігіңізді мойындай біліңіз. Кешірім сұраудан ұялмаңыз.
4. Үнсіз қалу
Ұрыс-керісті болдырмау мақсатында көптеген адам үндемей қалуды жөн көреді. Алайда ұрыс тоқтағанмен, шын мәнінде екеуіңіздің араңызда тас қамал тұрғандай болады.
Ал сіз бұған не қосар едіңіз?
Ф. Абилова