Қазақстандықтар "ҚазКА СТАРТАП - 2012" форумының аясында сәтті бизнес жобалармен танысып, өз ісін бастауға қажетті ақпараттарды ала алады.
"4 қазанда өтетін "ҚазКА СТАРТАП - 2012" форумының маңыздылығы мынада. Қонақтар шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін құрылымдардың өкілдерімен, бизнес иелерімен сұхбаттасып, қажетті ақпараттармен танысады. Шараға қатысушылар үшін өз ісін бастауға моральдік түрткі болады", - деді "ҚазҚА" қазақстандық Кәсіпкерлер Ассоциациясының директоры Мейірбек Мәжитов.
Біріншіден, форумға келіп, бір күнін құрбан еткен адам еш шығынданбастан бизнесті ұйымдастырудың негіздерін, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалармен таныс бола алады.
Екіншіден, форумға келген жан бұған дейін ойына кіріп-шықпаған бизнес жасау туралы ойлана бастауы мүмкін.
Және ең бастысы. Қатысушы форумда мыңдаған кәсіпкерлермен таныса отырып, бизнес ашудың мүмкін нәрсе екендігін түсінеді.
"Бұл форум бизнесін кеңейткісі келетін кәсіпкерлер үшін, бизнесіне қолдау іздеушілер үшін, сонымен қатар, бизнес ашуға құлықты, бірақ неден бастау керектігін білмейтін кез келген қазақстандық үшін өте пайдалы болады", - деді ұйымдастырушылар.
Ыңғайлылық үшін форумның барлық шаралары бизнес дамуының сатысына байланысты жік-жікке бөлінген.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: kursiv.kz