Балаларыңызға бақытты болу үшін дүниенің де, өзге адамның да, белгілі бір орынның да керегі жоқ екенін үйретіңіз. Бақыт – әр адамның өз жүрегінде.
Балаларыңызға өмірде жеңіліс деген ұғымның жоқ екенін үйретіңіз. Әрбір іс-әрекеттің берері бар. Әр қателік – сынақ. Бұл – өмірлік жеңіс.
Балаларыңызға өзге адамдарды тап пен топқа бөлмеуді үйретіңіз. Ақ, қара, қоңыр түсті адам дегеннің болмайтынын, жақсы және аман адамның болмайтынын түсіндіріңіз. Адам тапқа бөлінбейді. Жақсы немесе жаман болатын әрекет қана.
Балаларыңызға қалағаныңа еңбекпен жету керектігін үйретіңіз. Мақсаттары биік болсын. Үлкен нәрсені армандау керектігін ұғындырыңыз.
Балаларыңызға өзгелердің сөздері қанатын қайырмауға тиістті екенін үйретіңіз. ӘРқашан дұрыс болуға ұмтылудың өзі де қателік екенін айтыңыз.
Балаларыңызға кез келген әрекет пен сөздің қайтарымы болатынын үйретіңіз. Өмір – бумеранг.
Балаларыңызға махаббатта шарттың жоғын түсіндіріңіз. Біреуді сүю үшін оның бай болуы, болмаса керемет оқуы маңызды еместігін айтыңыз. Махаббат – бүкіл әлемге сыйлай алатын өлшемсіз сый.
Балаларыңызға «ерекше болу» ұғымын бәрін басып озу деген түсінікпен шатастырмау керектігін ескертіңіз. Ерекшелік – даралық, ол әр адамда болуы тиіс.
Балаларыңызға үйретіңіз! Бірақ, сөзбен емес, іспен үйретіңіз.
Сіз не істесеңіз, балаларыңыз соны қайталайды. Сіздің өміріңіздің айнасы – балаларыңыз.
Есіңізде сақтаңыз!
Ата-ана мен бала – егіз жаратылыс.