- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Балаңыз интернетте не...
Балаңыз интернетте не істеп жүр?
Қазір балалар 9-11 жасында әлеуметтік желілерге тіркеледі. Басындай ойын ғана қызықтырғанымен, кейін олардың назарын өзге де қызықты нәрселер аудара бастайды. Бұл уақытта баланың жасы 13-ке таяп қалады. Егер күнделікті балаңыздың интернетте нені іздейтінін бақылауға уақытыңыз болмаса, күніне бір рет Google тарихына (история) көз жүгіртіп, сайттартарды шолып шығыңыз. Балаңыздың интернеттен нені іздейтінін, қандай ақпарат алатынын білу заңдылық емес. Бірақ, оған ғаламтордың да өзіндік ережесі барын ескертуге құқылысыз. Барлық сайттың бетінде балаға зиянды, көруге болмайын немесе оқуға тыйым салынған ақпараттар легі табылады. Жүз пайыз қорғайтын бақылау да жоқ. Сондықтан мынаны жадыңызда сақтап алыңыз:
- Көп сөйлеу – жауыңа көмек қолын созу: Өзге біреуге мекен-жайды, байланыс нөмерілерін беруге болмайтынын, оларды ашық қалдырмауын сұраңыз. Өзі туралы ешқашан артық мәлімет айтудың қажеті жоқ.
- Танымайтын адамның көлігіне отырма: Бұл ереженің барын балалардың барлығы біледі. Ғаламторда да бұл ереженің барын ескерткен дұрыс. Бөтен біреуге есік ашпайтыны секілді, танымайтын адамға өзі туралы ақпарат берілмеуі тиіс.
- Ұрлық жасама: Фотосуреттер мен мәтіндер – біреудің меншігі. Балаларыңыз қандай контент бейтарап ортаға жататының аңғара білсін, оны сіз үйретіңіз және сұраусыз ешкімнің затын алуға болмайтынын да ескертіңіз.
- Әріптердің иесі бар: Ойыннан әлеуметтік желіге өткен шақта бала адасады. Жазылған мәтін мен салынған суреттің артында өзі секілді тірі адамның отырғанын ұғу керек. Оларға да ауыр сөздер мен боқтық сөздерді қабылдау қиынға соғатынын аңғарғаны дұрыс.
- Сыпайы болу – ең маңызды дағды: Бәрі өмірдегідей. Өсек таратып, өзгенің сыртқы келбетін талқылап, балағаттаудың дұрыс емес екенін ұққан дұрыс.
- Дереккөздің рөлі зор: Балаңыздың қай ресурстардың сенімді, қай ресурс жалған екенін айыра білуі маңызды. Бұл жерде сыни ойлау дағдысы дамуы керек.
- Денсаулықты күту: Адам емес, технологияның да денсаулығы болады. Жағымсыз сайттар мен күмәнді жарнамалардың нәтижесінде компьютеріңіз сізге ұзақ қызмет етпейді. Антивирустық бағдарламаларды түсіндіріңіз.
Техникалық сауаттылық қана ғаламтордағы қатерлерден сақтайды. Балаларыңызға үйрету үшін ең алдымен өзіңізге де бұл сауаттылық қажет болатынын ұмытпаңыз.
Т. Есқали