Перзент сүю - ата-ананың жан қалауы. Әр ана өз баласының бақыты болғанын қалайды. Біз баламызға қаншалықты қуаныш сыйлап жүрміз. Баламыз қаншалықты бақытты деген сұрақтарға жауап табу үшін мына кеңестерді ұсынамыз.
• Балаңыз жылауын қоймай жатса, қалаған затыңды алып беремін деп айтушы болмаңыз.
• Әр ана өз баласының нені қажет ететінін білуі керек.
• Балаға аса құнды дүние — мейірімді жүрек.
• Балаңызды көк жәшікке телміртпеңіз.
• Балаңызға соңғы рет қандай жылы сөз айттыңыз?
• Балаңыз соңғы рет қашан қуанғаны есіңізде ме?
• Жатар уақытта өзіңізге есеп беріңіз.
• Балаңыз кітапқа қызықпаса, ертегі тыңдамаса, сабағын оқымаса кінә өзіңізде.
• Балаңызды ойын-сауық орындарына қарағанда, табиғат аясына көбірек алып барыңыз.
• Баланы қуантатын нәрсе — анасының көңіл-күйі көтеріңкі болуы.
• Ашу үстінде тұрғанда балаңызға ұрсушы болмаңыз, балаңыз бірбеткей, жасық болып өседі.
• Үйдегі ауыр жағдайды балаңыздың көзінше айтпауға тырысыңыз, бала өзін кінәлі сезінуі мүмкін.
• Әкесімен дұрыс қарым-қатынас жасауға күш салыңыз.
• Балаңызға шағын отбасылық кештер ұйымдастырып тұрыңыз.
• Оған ашық хаттар жазып тұрыңыз, араларыңызда сүйіспеншілік пайда болады.
• Балаңызбен бірге ойнаңыз, әкесін де ұмытпаңыз.
• Жақсы сөздерді көбірек айтыңыз.
• Балаңыздың бетінен ұрушы болмаңыз.
• Балаңыздың ойынына аса мән беріңіз, қадағалаңыз.
• Көп шектеулер жасамаңыз.
• Баланы бақытты ететін ақша емес, бұл күнде аналық жүрек пен мейірім екенін ұғыныңыз.
• Балаңыз сізге қарап бой түзейді, қызыңыз болса, сізге ұқсағысы келеді. Ұлы әкесіне қарап тәрбие алады. Сондықтан өзіңізді тәрбиелеңіз.
Бұл айтылған кеңестер бала тәрбиесінің маңызын арттыруға, сонымен қатар өз баласын түсінбей жүрген ата-аналар үшін көмегі көп. Кінәні баладан іздегенше, өзіңіздің қандай ата-ана екеніңізді ойланыңыз. Бала сіздің іс-әрекетіңізді қайтлаушы ғана. Баланың бақытты жүзін көргіңіз келсе, осы айтылған кеңестерді жүзеге асырып көріңіз. Баланың бақытты болуы анасы мен әкесіне байланысты.
Дереккөз: anabol.kz